Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ӨЗГЕ ТАЙПАЛАРДЫ ИСЛАМҒА ШАҚЫРУ



Pdf көрінісі
бет147/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ӨЗГЕ ТАЙПАЛАРДЫ ИСЛАМҒА ШАҚЫРУ
Аллаһ Елшісі тайфтықтардың ынсапсыз шабуылынан, айуандық 
әрекеттерінен соң Меккеге қайта оралғанда мүшріктердің мазағы мен 
азабына ұшыраса да иман мен Ислам ақиқаттарын айтудан, халықты 
турашылдыққа, Аллаһқа илануға шақырудан бір сәт те кейін тұрмады... Киелі 
қызметін қажымай-талмай жалғастыра берді. Қиындық көріп, қорланған 
сайын жігерін жани түсті. 
Аллаһ жолына үндеуде өзін қолдаушылардың қатарын арттыруға мән 
берді. Осы мақсатпен қажылық маусымында Меккеге шартараптан ағылып 
келіп жататын араб тайпаларын аралап, уағыз айтуға шықты. 


169
Тайпа басшыларының қай-қайсысы да әрқилы сылтау айтып, Исламды 
ә дегеннен мойындаудан бас тартты. Көптің ішінен иман келтіруге 
ұмтылғандар шыға қалса, солардың өзіне ерік бермей, қысым жасағандар да 
кездесті. 
Кейбір тайпалар иман жайын тыңдамақ түгілі Хазіреті Мұхаммедке 
орынсыз әзіл айтып, қалжыңдады. 
Әрине, бұл арада мүшріктер де қол қусырып қалған жоқ. 
Расулаллаһтың басқан ізін аңдыды. Шеттен келгендердің мұсылмандықты 
қабылдамауында мүшріктердің үгіт-насихатының да үлесі болғаны жасырын 
емес. 
Аллаһ Расулы белгілі маусымдарда ұйымдастырылатын Уқаз, 
Мәжанна, Зулмәжаз жәрмеңкелерін аралап, жан-жақтан арнайы келген 
адамдармен кездесіп, Құран оқып оларды Исламға шақыру міндетін 
абыроймен атқаруға кірісетін. Ол қасиетті мақсатын уағыздап халық арасына 
шықса-ақ болды, Әбу Ләһаб артынан жүріп отырып "Мұхаммед ата-
бабамыздың жолынан шығып, дінінен безген тексіз. Осы жүзіқараның сөзі 
не, өзі не? Құлақ қоймаңдар оған, алданбаңдар" - деп пасық пиғылын жария 
ететін. 
Пайғамбарымыз көбінесе ру, тайпа басшыларымен жолығып, соларға 
насихат айтып, Исламдағы ізгіліктерді саналарына сіңіруге күш салатын. 
Өйткені тайпалардың қарапайым халқы басшыларын ерекше сыйлап, 
құрметтейтін, олардың бір ауыз сөзін жерге тастамайтын. Сондықтан 
алдыңғы толқынның иманға келуі бүкіл тайпаның мұсылмандықты 
мойындауына сеп болатын. 


170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет