Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Муминдер арасында Аллаһқа берген сертінен танбайтын жігіттер



Pdf көрінісі
бет240/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Муминдер арасында Аллаһқа берген сертінен танбайтын жігіттер 
бар. Олардың кейібіреулері шейіт болғанша күресетіндігі жайлы сертін 
орындады. Енді біреулері шейіт болуды күтуде. Олар берген сөздерінен 
бас тартқан емес" 
деп келетін 23-аятын оқыды. 
Жолдастары Хазіреті Мусабты кебіндейтін мата таба алмайды. 
Үстіндегі киімін басына тартса, аяқ жағы ашылып, аяғына тартса басы ашық 
қалады. Пайғамбарымыз мұны көріп: 
"Басын өзінің шапанымен, аяқ жағын жұпар иісті шөппен жабыңдар",- 
деп бұйырды. 
Аллаһ жолында, Расулаллаһ пен Ислам жолында қиыншылыққа төзіп, 
ақыры шейіт болу, өлген соң орайтын кебіні де болмай, шөппен кебіндеу 
бақыты кез-келгенге бұйырған ба?! 
Мұнан 
соң 
адамзаттың 
ардақтысы 
Мұхаммед 
(с.а.у.) 
шейіт 
болғандардың намазын шығарды. Кейбір мәліметтерде Ухуд шейіттерінің 
намазы жерленгеннен соң сегіз жылдан кейін шығарылғаны жайлы 
айтылады. 


261
Пайғамбарымыз шейіттердің сауыт-сайманы мен қарулары алынған 
соң үстеріндегі қанды киімдерімен көмуді бұйырды. 
Сахабалардың: "Уа, Расулаллаһ, алдымен қайсысын жерлейік?"-деген 
сұрағына, "Құранды көп білетінін бірінші көміңдер",-деді. 
Пайғамбарымыз мүшріктердің Мәдинаға басып кіріп, әйелдер мен 
бала-шағаны қырып-жоюы мүмкін екенін де ескермей қалмады... Сол себепті 
дұшпан әскерінің шынымен Меккеге кеткен-кетпегенін білу қажет болды. 
Хазіреті Әлиді шақырып алып: 
"Сен дереу жолға шық, мүшріктердің ізін кес, не істеп, не 
қойғандарынан хабардар болайық. Егер олар түйелеріне мініп, аттарын 
жетектеген болса, Меккеге қайтуға бет бұрғаны. Ал егер аттарына мініп, 
түйелерін жетекке алған болса ниегтері -Мәдинаға шабуылдау",-деп 
түсіндірді. 
Хазіреті Әли мүшріктерді сырттай қадағалап, түйеге мінгендіктерін, 
аттарын жетекке алғандарын айтып келеді. 
Шейіт сахабалардың жаназасы шығарылып жерленгеннен кейін 
адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) мужаыадтермен бірге Мәдинаға 
қайтуға ыңғайланды. Харра аталатын мекенге келгенде әскерін тоқтатып, 
Раббына жалбарына дұға етті: 
"Аллаһым! Мақтауға, мадаққа сен ғана лайықсың. 
Аллаһым, сенің ашып көрсеткеніңді жасыратын, жасырғаныңды 
ашатын құдірет жер бетінде жоқ. 
Сенің тура жолға салмағаныңды дұрыс бағытқа бүру мүмкін емес, 
сенің хақиқатқа бағыттағаныңды ақ жолдан ешкім тайдыра алмайды. 
Сенің бергеніңді ешкім бере алмайды, бергеніңе ешкім 
тосқауыл да бола алмайды. 
Аллаһым! 
Мейірімділігің 
мен 
берекетіңді, 
рақымың 
мен 
дархандығыңды бізге көрсет, нәсіп ет! 
Аллаһым! Мен кедей болған күнімде сенен нығмет, қорыққан шағымда 
сенен сенім тілеймін. 
Аллаһым! Иманды бізге сүйдір! Жүректерімізді иманмен безендір. 
Күпірліктен, хаққа қарсы шығудан сақтағайсың! Дініміз бен дүниемізге 
зиянды нәрселерді білетіндердің, тура жолға түскендердің қатарында қыл! 
Аллаһым! Бізге мұсылман ретінде өмір сүруді нәсіп ет! Мұсылман 
болып өлуді жаз! Бізді хақ жолына шын берілген игілермен бірге қой. Олар 
ізгіліктен айнымаған, діндерінен бас 
тартпағандар. 
Аллаһым! Сенің пайғамбарыңа сенбей, сенің жолыңнан бас тартқан
пайғамбарыңмен соғысқан кәпірлердің жазасын бер! 
Оларды азапта!" 
Болмыс сұлтанының ынты-шынтымен қылған батасына мужаһидтер 
үздіксіз "әмин" деумен болды. 
Құдіретті Аллаһ Тағала сүйікті расулының бұл дұғасын қабылдап, 
Ислам дінінің дұшпандарын аз уақыттан соң үлкен зиянға ұшыратты. 


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет