Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет332/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Пайғамбарымыз Қағбада
Әнсар мен муһажирлердің ортасында Кәсуаға мінген Хазіреті 
Мұхаммед (с.а.у.) Қағбаға қарай жақындады. Ең алғаш Исламды уағыздай 
бастаған күн мен бүгінгі үлкен жеңіске жеткен күні арасында зәредей де 
айырмашылық жоқ, жалғыз өзі иман келтірген сәттегі кішіпейілділігі мен 
мейірімділігі он мыңдаған мұсылмандардың жүрегіне жол тапқанда да сол 
күйі. Аллаһқа мадақ айтып, халіне шүкіршілік еткен. 
Ол (с.а.у.) "Аллаһу әкбар!" деп тәкбір айтқанда, мұсылмандар оны 
қолдап әкетті. 
Тау-тас, айнала табиғат осынау қасиетті тіркесті жаңғырықтыра 
қайталап, он мың сарбаздың үніне үн қосты. Мұхаммед (с.а.у.) бастаған 
сахабалар Қағбаны айналып, тауап ете бастады. Айналған сайын 
қолдарындағы асаларын қара тасқа тигізіп истилам ғибадатын жасады. 
Жеті рет тауап еткен соң Пайғамбарымыз Ибраһимнің орны деп 
аталатын жерде екі ракат намаз оқыды. Соңыра зәмзәм құдығынан су ішіп, 
сол жерден дәрет алды да Сафа төбесіне шығып, Аллаһқа дұға қылды. 
Расулаллаһ қажылық ғибадатының шарттарын орындап жүрген сәтте 
мәдиналық мұсылмандардың бір тобы Оған сырттай сүйсіне қарап тұрған. 
Кейбіреулері "Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Алланың нәсібімен атамекенін түгелдей 
қол астына алды, енді кіндік қаны тамған жерде қалып қоюуы да мүмкін-ау" 
деген күдікті ойларын бүгіп қалмай, өзара күбірлесіп кетті. 
Сафа төбесінде мінәжат қылып отырған Пайғамбарымыз олардың 
мұнысын байқамай қалған жоқ, әрине. Дұғасын аяқтаған соң мәдиналықтарға 
жақын келіп, ненің мәнісін ұға алмай тұрғандықтарын бірнеше рет сұрады. 
Мәдиналық мұсылмандар іштеріндегі күдікті ойларын айтуға жасқанып 
тартыншақтай берген. Сол кезде күдіретті Аллаһ сүйікті Расулына уахи 
түсіріп, әнсардың күмәнді күбірінен хабар береді. Пайғамбарымыз мән-жайға 
қаныққан соң: 
"Қобалжып, қорықпай-ақ қойыңыздар, мен өлсем де, қалсам да 
сіздермен біргемін", - деп жауап берді. Әнсарлар дереу өз ойларынан 
айнығандықтарын білдіріп бәйек болады. 
Пайғамбарымыз Қағбаны тауап етіп жүргенде Әбу Суфиан сол маңда 
нәпсісімен, шайтанмен әлі де шарпысып отырған. Бір ара "Осы Мұхаммедке 
(с.а.у.) қарсы әскер жинап тағы бір рет шайқасып көрсем қайтер екен?" деген 
арам ойдың санасында қылтиғаны сол еді, Пайғамбарымыздың: 
"Онда Аллаһ сені оңдырмайды", - деген дауысынан селк ете қалды. 
Хазіреті Мұхаммедтің пайғамбарлығын тағы да мойындап, тәубе етіп 
Аллаһқа жалбарынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет