ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БАСҚА ДА БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ Салман Фарисидің құлдықтан азат етілуі Салман Фариси бұрын яһудилердің құлы болған. Пайғамбарымыз бір
күні оны қасына шақырып алып:
"Қожайының сенің азаттығыңның құнына не сұрайды. Барып біл", -
дейді.
Хазіреті Салман қожайынына мән-жайды түсіндіреді.
Қожайыны:
"300 құрма ағашын егіп, онымен қоса 1600 дирхәм алтын берсең
босатам", - деп жауап береді.
Салман Фариси қожайынының талабын Пайғамбарымызға (с.а.у.)
жеткізеді. Пайғамбарымыз асхабына:
"Бауырыңызға көмектесіңіз!" - деп бұйырады. Бұны естісімен-ақ,
сахабалар өз араларында 300 құрманың тұқымын жинайды.
Құрма тұқымы жиналғаннан соң Аллаһ Елшісі:
"Уа, Салман! Сен мына тұқымдарды егетін 300 шұңқыр қаз. Біткен
кезде маған хабар бер. Тұқымдарды өз қолыммен егейін!" - дейді.
Сахабалардың көмегімен Салман Фариси шұңқырларды қазып шығады.
Мұнан соң Пайғамбарымызға хабар береді. Расулуллаһ өз қолымен құрманы
егіп шығады. Сол жылы Пайғамбарымыз еккен құрма ағаштарының барлығы
жеміс береді. Осылайша Салман Фариси Бәни Құрайза яһудилеріне қарыз
болған құрма ағаштарынан құтылады.
Құрма ағашының қарызынан құтылған Салманның тек алтын төлемі
қалады.
Бір күні Расулаллаһ Салманды шақырып алып бір дөңгелек алтынды
беріп:
"Уа, Салман! Мынаны алып қарызыңнан құтыл!" - дейді.
"Уа, Расулаллаһ, бұл жетпейді ғой", - деп жауап береді Салман. Аллаһ
Расулы алтынды қайтадан қолына алып қасиетті түкірігін жақты да:
"Аллаһ сені қарызыңнан осымен құтқарады", - дейді.
Салман қожайынына әлгі алтынды бөліп 1600 дирхам өлшеп берсе де,
әлгі жұмыртқадай алтын сол күйі қолында қалады...