(Ей, Расулым,) былай де: "Уа, кітап иелері! Арамызда ортақ мәмілеге келейік, Аллаһтан басқаға құлшылық жасамайық, оған ешнәрсені серік етпейік. Аллаһты ұмытып бір-бірімізге тәңірдей табынғанды доғарайық. Егер олар тыңдамаса, "Куә болыңдар, біз шексіз-шүбәсіз мұсылманбыз". (Али Имран,64) Дыхиа Расулаллаһтың хатын Гераклийге жеткізгенше асықты. Хат
оқылып жатқанда таңданысын жасыра алмай, таңдай қаққан Рум билеушісі:
"Сүлеймен пайғамбардан соң "бисмилләһир-рахманир-рахим" деп
басталған хатты бірінші рет көруім", - деп маңдайынан моншақтап аққан
терін сүртті де хатты асқан ізетпен қолына алып тауап жасады. Бірақ ар
жағын ашып айтқан жоқ.