Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет349/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Сарбаздар Хижрда
Жол-жөнекей сегіз рет түнеп Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жасағы 
«Хижр» деген жерге келеді. Хижр - Шам жолында орналасқан, талай жылдар 
бұрын Хазіреті Салих пайғамбардың қауымы - сәмудтың хақиқаттан бас 
тартқандары үшін бір сәтте шаң-тозаңнан көз аша алмай, лағынетке 
ұшыраған жері еді. 
Пайғамбарымыз: "Ауыр азапты тілеп алғандардың мекеніне Аллаһқа 
сиынып аяқ басыңдар. Солардың душар болғанынан Хақ сақтасын", - деді. 
Ол жерден мұсылмандарға су ішуге, тіпті құдықтан дәрет алуға да 
рұқсат берілмеді. 
 
Мәсінің үстіне мәсіх тарту
Тәбүк жорығында алғаш рет Пайғамбарымыз дәрет алғанда мәсі 
үстінен мәсіх тартуға рұқсат береді. Қонақтар үшін 72 сағат бойы аяқтан 
мәсіні шешпей мәсіх тартып намаз оқуға рұқсат. Басқаларға бұның мерзімі 
бір тәулік, яғни 24 сағат. 


390
Жаңбыр дұғасы
Қырсықты қойсаңшы, тура Хижрға келгенде жауынгерлердің сулары 
таусылып, әбден әлекке түседі. Аңқасы кеуіп, әлі құрып құлағандар да аз 
болмайды. 
Сарбаздар арасындағы саусақпен санарлық мунафиқтар тағы да 
Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) кінәлап ала жөнеледі. 
Жеңіл ауыздылары: "Ау, пайғамбарлығы қане, осынау бәлекеттен 
құтқара алмаса?" - деп тілдерімен түйреп үлгереді. Сыпсың сөз Хазіреті 
Мұхаммедке (с.а.у.) де жетеді. Пайғамбарымыз сахабалардың өтінішіне орай 
Аллаһтан жауын тілеп, дұға етеді. 
Соны күтіп тұрғандай-ақ сіркірей бастаған жаңбыр аздан соң нөсерге 
айналды. 
Пайғамбардың дұға - тілегі әрдайым қабыл болып отырған. 
Муғжизалардың мұсылмандардың имандарының күшеюінде зор рөлі 
болғаны шындық. 
Он тоғыз күн дегенде жол азабын артқа тастап Ислам армиясы Тәбүкке 
келіп жетеді. 
Бірақ арып-ашып келген мұсылмандар Византия әскерінің ізін де көре 
алмай дал болады. Шығыс Рум императорлығы әуелде қоқиланып 
мұсылмандарды жаншуды ойлағанмен, жеме-жемге келгенде батылдары 
жетпей айныған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет