"Та-ха. (Ей, Расулым!) Біз саған Құранды азап көріп, бақытсыз болсын деп түсірген жоқпыз. Құранды жер мен көкті Жаратқан тарапынан тек Аллаһтан қорқатындарға үгіт ретінде біртіндеп-біртіндеп түсірдік" (Та-ха сүресі, 1-4 аяттар)
Омар оқып отырып терең ойға шомды. Құдды басқа бір бейтаныс
әлемге енгендей күй кешті. Құранның әдеби әуені мен мәңгілік әуезі оны
баурап алған-ды. Бір сағат бұрын қылышын жалаңдатып, Мұхаммедті (с.а.у.)
өлтіруге асыққан ол емес сияқты. Жүрегіндегі кек, жүзіндегі өкпе біржола
жойылып, қанталаған көздері нұрға толып, жайнап сала берді. Жүзі
күлімсіреп, жаны рахат тапты.