291
Көпшілік арасында екіжүзділігімен, жексұрындық әрекеттерімен
танылған мунафиқ түймедейді түйедей қылып көрсететін әрқашанғы әдетіне
басып "Айша да өзін оңайлықпен ақтап ала алмас, қасындағы адам да" деп
былапыт сөздерді айтқанымен қоймай, пасық пиғылымен кезекті жаланың
жоспарын ойластыра бастайды.
Абдуллаһ ибн Үбәйдің аузынан шыққан сөз құлақтан құлаққа жетеді.
Хазіреті Айшаның кейіннен айтқаны:
"Жалақорлар
небір сұмдықты айтып, жұрттың аузын аштырыпты.
Уаллаһи, менің айналамда айтылғандардан алғашқыда еш хабарым
болмады". Өсек жалаға себеп болған оқиғаның бас-аяғы осы. Хазіреті Айша
белгілі себеппен кешігіп, әскерлерден қалып қойған да, артынан қонған жерді
бақылап шығуға міндетті кісі оны көріп, адамдарына әкеліп қосқан.
Кейіннен белгілі болғандай, бақылаушы жауынгер Сафуан ибн
Муаттал еркектік қабілеттен де ада екен.
Құранның баяндауынша, пайғамбарлар муминдерге нәпсілерінен де
жақын әрі жоғары тұруға тиіс. Ал пайғамбарымыздың
ақ некелі әйелдері
барша мұсылман қауымының анасы есепті. Пайғамбарымыз мәңгілік сапарға
аттанған соң да онымен некелескендерді әйелдікке алуға қатаң тыйым
салынған. Сондықтан Аллаһқа және Оның пайғамбарына шын сенген нағыз
мұсылман осы нақты аяттарды оқып білгеннен соң РасулАлланың көзі
тірісінде де, ақиреттік болғаннан соң да оның ақ некелі әйелдеріне жала
жауып, жаман сөз айтпақ түрмақ, ондайды ойлауы мүмкін емес.
Аллаһ пен пайғамбарға жан-тәнімен берілген муминдердің сүйікті
әміршісі - Хазіреті РасулАлланың зайыбын
жалғыз қалған жерінен көріп,
түйесіне мінгізіп шапшаң түрде сарбаздарға әкеліп қосуында тұрған не бар?
Нағыз иман ері Сафуан ибн Муаттал өз міндетін адал атқарды.
Өкінішке қарай, жүректері таттанған, арамдықтан басқаны ойлай алмайтын,
бүлікшіл мунафиқтар бұл оқиғаның астарынан арамдық іздеді. Әсіресе,
Абдуллаһ ибн Үбәйдің көктен іздегені жерден табылғандай қуанып, Аллаһ
Елшісінің намысын таптауға, мұсылмандар арасына лаң салуға асықты.
Абдуллаһ ибн Үбәй көрмегенін көргендей көпіртіп,
жұртқа жайып
жіберді. Хассан ибн Сабит, Мыстах ибн Усаса, Хамна ибн Жахш сынды
кейбір мұсылмандар мунафиқтардың тұзағына алданып,
өсектің таралуына
себеп болады. Ел-жұрт шулап жатқанда Айша анамыз ол оқиғалардан мүлде
бейхабар.
Енді оқиға барысын аяулы жанның өз аузынан тыңдап көрсек:
"Мәдинаға келгенімізге көп болмаған, мен ауыр науқасқа ұшырадым.
Ұстамалы безгекпен бір ай төсекке таңылдым. Сол тұста халық арасында
маған жабылған жала-өсек тарапты. Болған жайлардан мүлде хабарсыз едім.
Қаңқу сөз құлақтан құлаққа жетіпті. Расулаллаһ та, әкем мен шешем де
естігенмен, бірде-біреуі маған бір ауыз тіс жармаған. Тек сырқаттанып
жатқанымда, Расулаллаһтан салқындық сездім. Бұрын сәл ауырсам барынша
мейірленіп жағдайымды сұрайтын. Бұл
жолы атымды да атамастан
"Сырқатыңыз
қалай?
деген
де
қойған.
Жалақорлардың
бәлесінен
бейхабармын.
292
Арадан жиырма күндей уақыт өтті. Сырқатым тәуірленіп, бойымды
жаза бастағанмын.
Ол кездері біз иісінен жиіркенгендіктен әжетханалар үйден аулақта
Мәдина қырларында болатын. Әйелдер түнде де қырға шығып әжетке
отыратын.
Бір күні мен Мыстах ибн Усасаның анасымен еріп әжетханаға шықтым.
Мыстахтың анасы етегіне шалынып құлап түсті де
тұрып жатып
"Жалпасынан түскір Мыстах жетпей желкең үзілсін!",- деп баласын қарғады.
Мен таң қалып:
"Апа-ау, өз балаңды қарғағаның не?"- дедім. Ол үн қатқан жоқ. Біраз
жүрген соң ол тағы шалынып құлады, бұл жолы да "Жетпегір Мыстах,
жалпаңнан түскір!"- деді.
"Апа-ау, ұлыңды қарғағаның болмады",- дедім.
Ол жауап берген жоқ. Қырсыққандай қасымдағы әйел үшінші рет
шалынды тағы да "Жерді сүзе құлағыр Мыстах"-деді. Мен шыдамай:
"Апа, неге үздіксіз балаңды қарғап келесің? Бәдір соғысына қатысқан
жауынгерді қарғауға қалай тілің барады?"- дедім.
Сонда барып: "Ұлымның сен туралы айтқан жаласы есіме түскен сайын
қарғыстан басқа ештеңе айта алмаймын",- деді.
"Ол мен туралы не айтып жүр?"- деп сұрадым дегбірсізденіп.
Мыстахтың анасы жалақорлардың ойдан шығарғандарын бүге-
шүгесіне дейін әңгімелеп берді. Қиналып-қыстыққаным сондай,
дәрет
сындыруға әлім жетпеді. Жазықсыз жалаға ұшырағаным үшін жылай-жылай,
көзім қарауытып, өксіктен өкпем өше жаздады.
Достарыңызбен бөлісу: