333
Е
Л БИЛЕУШІЛЕРІН ИСЛАМҒА ШАҚЫРУ
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) діні мен уағызы барша адамзатқа
арналған. Өзіне дейінгі пайғамбарлар
сияқты бір қауыммен, бір халықпен
немесе бір ғана аймақпен шектелмеген.
Аллаһ Құранның бірнеше жерінде бұл жайдан хабардар етеді. Мәселен,
Ағраф сүресінің 158-аятында:
"(Ей, Расулым) былай де: "Уа, адамдар! Мен сендердің барлығыңа
келген Аллаһтың пайғамбарымын!"
делінеді.
Ниса сүресінің 79, 170, 174, Тәубе сүресінің 33, Сәба сүресінің 28, Хаж
сүресінің 67, Ахзаб сүресінің 40-аяттары да осы мағыналас.
Осы себепті Пайғамбарымыздың имандылыққа үндеуі араб халқымен
шектелмесі айтпаса да түсінікті. Күллі әлемге,
барша адамзат баласына хақ
діннің уағызын жеткізу керек-ті...
Үндеу ісін қолға алудың қолайлы шағы Худайбия келісімінен соң туды.
Өйткені шарт бойынша 10 жыл бойы мүшріктермен соғыспау келісілген.
Хижреттің жетінші жылы мұхаррам айы. Пайғамбарымыз асхабын
түгел жинады:
"Аллаһ мені бүкіл адамзатқа рақымдылық етуге жіберді. Исламды
тарату мәселесінде маған қолдау көрсетіңіздер". Исаның көмекші сахабалары
саналған, хауари атанған 12 кісінің Мәриямұлы
Исаға қарсы шыққаны
сияқты сіздер де маған қарсылық көрсетпеңіздер", - деп сөз бастады.
Сахабалар: "Уа, Расулаллаһ, хауарилер Исаға нендей наразылық
білдірген?" - деп сауал тастады.
Пайғамбарымыз: "Мен қазір сіздерге жүктеген міндетті бір кездері ол
да хауарилеріне тапсырған еді. Бірақ жақын маңайға тағайындағандары ғана
барып, жауапкершілік көрсетті. Ал алыс аймақтарға жіберілгендері барудан
бас тартты. Сонда Иса пайғамбар Аллаһқа
мән-жайды баяндап, дұға оқыды.
Кім қай елге бару керек болса сол елдің тілін үйренді. Иса пайғамбар оларға
"Аллаһ өте маңызды істі сіздерге жүктеді. Жолдарың болсын!" деп
сахабаларын дінін тарату үшін шартарапқа аттан дырған-ды".
Мұсылмандар Расулаллаһтың сөзін ден қоя тындаған соң:
"Уа, Расулаллаһ! Біз саған көмектесуден аянып қалмаймыз, қалаған
жағыңа жібер", - деді бірауыздан.
Сахабаларының шыншылдығына тағы бір көз жеткізген Аллаһ Елшісі:
1) Дыхиатул Кәлбиді Рум (Византия) Қайсері Гераклийге;
2) Амр ибн Үмаййа әд-Дамриді Хабаш Нәжашисі Асхамаға;
3) Абдуллаһ ибн Хузафаны
Иран Кисрасы Хусрау Пәруизге; Ол кезде
Рум (Византия) мемлекетінің басшысы - Кайсер, Иран шахы - Кисра, Мысыр
мемлекеті басшысы - Перғауын,
Иемен билеушісі - Тубба, Хабаш елбасы -
Нәжаши деп аталған.
4) Хатиб ибн Әби Бәлтааны Мысыр Перғауынына.
5) Салит ибн Амрды Йәмалия уәлиі Хауза ибн Алиге.
6) Иужа ибн Уәһбті Ғассан басшысы Мүнзир ибн Хариске жолдады.
334
Елшілердің қай-қайсысы да баратын елдерінің тілін еркін меңгерген-
тін. Пайғамбарымыз елшілеріне барған елдің
билеушісіне табыстайтын
хаттарды ұстатты. Ел билеушілері мөрсіз хат-хабар қабылдамайтындықтан
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) күмістен жүзік жасатып, оған «Аллаһ Расулы
Мұхаммед» деп үш сөзді
бірінің астына бірін жаздырып, мөр-таңба
бастырды.
Пайғамбарымыз бұл жүзікті өмірінің соңғы күндеріне дейін саусағынан
тастамаған. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бақилық болған соң мөр-жүзік кезегімен
Хазіреті Әбу Бәкірден Хазіреті Омарға одан Хазіреті Османға өткен.
Бір күні Хазіреті Осман қолындағы мөр-жүзікті құдыққа түсіріп алады.
Құдықтың суын тартып іздегенмен жүзік сол күйі табылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: