120
Шеше сорлының баласы дегенде шығарда жаны бөлек емес пе, бұл
жолы да шыр-пыр болып:
"Құлыным-ау, мына түріңмен қалай сыртқа шықпақсың? Жүре де
алмайсың ғой!" - деді. Бірақ әлемнің нұрына - Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.)
деген сүйіспеншілік адал достың дегбірін қашырып, басқалардың айтқанын
тыңдауға ерік бермеді. Ақыры болмаған соң қас қарая бір жағынан анасы,
екінші қолтығынан Үммү Жәміл демеп, ақсаңдаған күйі Дарул-Әркамға
келеді.
Табалдырықтан
аттар-аттамас
Хазіреті
Мұхаммедті
көріп,
қуанғанынан:
"Сенің жолыңа ата-анамның да жанын пида етейін, уа, Аллаһтың
Расулы! Міне, мен де келдім. Залым Утба ибн Раби'аның бет-аузымды қанға
бөктіргені болмаса, тәуірмін. Сенің амандығың - дәтке қуат", - деді де анасын
нұсқап:
"Мынау - менің анам. Осы асыл адам үшін Аллаһқа қол жайып, иман
нәсіп етуін тілесең деген көптен көкейімде жүрген арманым бар еді, соның
бүгін реті келген сияқты, сенің құрметіңе кешірімі мол Аллаһ оны тозақ
отынан сақтайтын шығар", - деп жалғастырды.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) айнымас досының тілегін екі етпестен дұға
оқыды. Ықыласты батаның қайтарымы болып Хазіреті Әбу Бәкірдің анасы
Үммү Хайыр көп ұзамай бақытты мұсылмандар санатына қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: