Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет19/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

 
Арабстанның әдеби ахуалы
Қай салада болсын, не бір тәртіп, не бір жүйе жоқ дегенмен осы тұста 
арабтардың ілгерілеген саласы - әдебиет, сөз өнері еді. Ислам діні таралмас 
бұрын Арабстанда шешендік өнері шырқау шегіне жетті. Бұл мәселеде 
дүниежүзінде оларға тең келер халық та жоқ-тын. 
Шайыр, өлең дегенде надан араб ішкен асын жерге қоятын. Өйткені 
ата-баба дәстүрі, тарих пен шежіре, наным-сенім тақырыптары осы 
өлеңдерде өрнектелетін. Өлең - қоғамның бірден-бір айнасы тәрізді еді. 
Араб қоғамында шайырлар керемет құрметке бөленетін, нағыз 
қаһарман саналатын. Әрбір ру өкілдері араларынан батыр емес, ақынның 
шыққанын қалайтын. Өйткені қол жетпес армандарындай болған даңқ-
мансапты ақындарының арқасында иеленетін. Қара 
халықтың өзі 
шайырлардың қалжыңына ілігуден, сынына ұшыраудан қорқатын. 
Шайыр сөзі анау-мынау заңнан күшті қабылданатын. Оның бір ауыз 
сөзіне бола ру-ру болып таласқандар да, қырық жылғы кегін ұмытып 
татуласқандар да аз болмаған. 
Ертеден-ақ өлең - арабтың дәптері деп аталған. Араб халқының 
тұрмысы, салт-санасы, тарихи мұралары өлең арқылы ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткен. 
Ақынды құрметтеу - тіршіліктің негізіндей көрінетін. 
Мықты ақынның өзі де, руы да биік мәртебелі деп есептелетін. 
Әсіресе, 
жылдың 
белгілі 
маусымдарында 
жиі-жиі 
өткізілетін 
жәрмеңкелерде өлеңді өсіруге, өркендетуге айрықша мән берілетін. 
Жәрмеңкелер бір жағынан әдеби жиын секілді болатын... Қазылар сайланып, 
олардың алдында өлең жарыстары ұйымдастырылып, шартараптан келген 
шайырлар мен шешендер тілінің майын тамызып, жеңіп шығу үшін бар 
күшін салатын. 
Мүшәйраның жеңімпаздары анықталған соң көп ішінен озып 
шыққандардың төл туындылары бөз матаға жылтырақ бояумен өрнектеліп, 


24
безендірілген күйі баршаның көзіне шалынатын биікке - Қағбаның 
қабырғасына ілінетін. 
Сол кезеңдегі ең үлкен, халық көп жиналатын жәрмеңке - Тайф пен 
Нахла алқабы арасындағы Уқаз жәрмеңкесі еді. Шайырлар сайысы көбінесе 
осы жерде өткізілетін. 
Жәрмеңкелер көп салалы көрмелерге ұқсайтын, өйткені мұнда барлық 
рулар сауда-саттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси жағынан 
танылатын. Зилхиджа айында ашылған жәрмеңкелер жиырма күнге 
созылатын. Біреуге құл болып кеткен адамдарын підия
(Құнын төлеу)
беріп сатып 
алу, ұзаққа созылған бітіспес дауларын шешу, татуласу, іздегенін табу, 
көксегенін іздеу, өлең оқу, сөз сөйлеп, шер тарқату үшін барша жұрт 
жәрмеңкеге қарай ағылатын. 
Өлең-сөздің қадірін көтеру арқылы тіл (араб тілі) сол кезеңде-ақ 
екшеліп, байып, толыққан. 
Ислам жұлдызы жарқырап тууға таяған уақытта Арабстанда әдебиет, 
көркем сөйлеу шеберлігі барынша дамыды. Қаптаған надандықтың 
қараңғылығы ішінде ғайыптан белгісіз бір құдірет адамдар санасын 
Құранның керемет тілін түсінуге, сөздердегі әуезділікті жан-жақты ұғуға 
дайындап жатқандай еді. 
Құран түсе бастағанда иманға келе қоймағанмен, әдеби көркемдікті 
қастерлеп үйренген көптеген арабтар Аллаһтың кәламының кереметтігіне бас 
иген, ең үздік деп бағалаған қасидаларының Құран тілінің жанында түкке 
алғысыз болып қалғанын мойындап, биікке көтерген жерлерінен алып 
тастаған. 
Кейбіреулері Құран тіліндегі әуезділікке, дыбыс үйлесімділігіне тәнті 
болып, соның әсерінен мұсылмандықты қабылдаған. Бұл да, әрине, құдіреті 
күшті ұлы Аллаһтың көп хикметтерінің бірі. 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) ұлы елшілік міндеті жүктелер алдындағы 
Арабстанның жалпы діни, әдеби, мәдени, қоғамдық жағдайы осындай... 
Жауыз жүректерді жібітетін, қатулы қабақтарды күлдіретін, надандық 
шырмауындағы көңілдерге нұр құятын тұлғаға Арабстан зәру еді. Оның, яғни 
ұлы құтқарушының кім боларын да мәңгілік жазмыштың Жаратушысы - 
Аллаһ Тағала белгілеген: Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) ... 
... Ол осынау әлемнің материалдық-рухани бет-бейнесін өзгертуге 
келетін... Ол нұрымен айналаға шұғыла шаша мына дүниенің жалғандығын, 
ақыреттің баяндылығын айтып, жалған өмірдегі махаббаттың да өткінші 
екенін ұқтырып, үмметін мәңгі бақытқа - бақилық Аллаһқа бастауға тиіс еді. 
Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарлық міндет жүктелетін бұл тұлға 
адамдардың басы бос еместігін ұғындырып, дүниеде атом бөлшегінен күн 
системасына, жұлдыздардан алып галактикаларға дейін бір ғана әмірге 
бағынатынын, қасиетті де ұлы мақсат жолында қызмет ететіндігін түсіндіру 
үшін келетін. 
Ол айуандықтың, настықтың шегіне жеткен адамзатқа жоғары 
адамгершіліктің, биік парасаттылықтың өнегесін көрсету үшін келетін. 


25
Ол дүниенің жаратылыс себебін, адамдардың қалай пайда болып, 
ақыры немен тынатынын баяндау мақсатымен келетін. 
Ол адамдардың иесі - Аллаһтың өз құлдарынан не талап ететінін, дұрыс 
пен бұрысты ажыратып көрсетіп, сананы жаулаған сауалдарға жауап беруді 
мұрат етіп келетін. 
Ол тек бір руға, тайпаға не ұлтқа ғана емес, бүкіл адамзат баласына 
Аллаһтан алған әмірлері бойынша жөн сілтеп, жол көрсету үшін келетін. 
Міне, күллі әлем араб түбегінен шығуға тиіс осындай ауыр міндетті 
арқалаған ұлы тұлғаның келуін асыға күтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет