Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет99/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбу Тәліптің қазасы
Мұсылмандар бойкот шешімі күшін жойған соң жандары жадырап енді 
терең тыныс алғандай болып еді. 
Пайғамбарлықтың оныншы жылы... 
Аяқ астынан Хазіреті Мұхаммедтің көкесі Әбу Тәліп төсек тартып 
жатып қалады. Жетімдіктің тақсыретін татырмаған, қауіп-қатерден қорғап, 
бауыры үшін өлімге де басын тігуге әзір болған көкесінің ауыр кеселге 
шалдығуы 
Хазіреті 
Мұхаммедті 
(с.а.у.) 
терең 
мұңға 
батырды. 
Пайғамбарымыз бір жағынан өлім аузында жатқан Әбу Тәліп аяулы ағасынан 
айырылатынын ойлап, екінші жағынан иман келтірмегендігіне қынжылып, 
жүрегі сыздайтын... 
Әбу Тәліптің науқасы күн сайын меңдей түсті. Мүшріктер соңғы рет 
Мұхаммед (с.а.у.) жайын Әбу Тәліппен ақылдасып қалуды ұйғарады. Осы 
мақсатпен Утба ибн Әби Раби'а, Шайба ибн Раби'а, Әбу Жәһил, Үмаййа ибн 
Халаф, Әбу Суфиан сырқаттың көңілін сұрай барып: 
"Уа, Әбу Тәліп, сен сыйлы, ел-жұртың қадір тұтар үлкендердің
бірегейісің. Мына халіңді көріп, шыдап отыра алмадық. Інің Абдуллаһтың 
баласы Мұхаммедпен (с.а.у.) арамызды көз алдыңда ашып алайық дедік. 
Жаман айтпай жақсы жоқ, ертеңіміздің не болары беймәлім. Көзіңнің 


155
тірісінде үкіміңді естиік. Бұдан былай сенің бауырың біздің дінімізге 
араласпасын, біз де оған тиіспейік", - деді. 
Әбу Тәліп пайғамбарымызды шақыртып, құрайыштардың тілегін 
жеткізеді: 
"Аяулы бауырым! Мына келгендердің бәрін жақсы танисың. 
Бұйымтайлары - саған қатысты. Саған берерін беріп, аларын алмаққа - есеп 
айырысуға келіпті. Кәрі қойдың жасындай өмірім қалған шақта мені үлкен 
деп сыйлап, кеңесу үшін бас қосып отыр". 
Пайғамбарымыз: "Айтқандарыңның бәрі орынды, көке. Менің бұларға 
берерім - бір-ақ ауыз сөз. Сол сөзді құптап, қабыл алар болса, бүткіл 
арабтардан және басқа да халықтардан үстем болар", - деді. 
Әбу Тәліп: "Бір ауыз сөз дейсің бе?", - деді таңырқап. 
Мұхаммед (с.а.у.): "Иә, солай", - деп бас изеді. 
Жиналғандар бір-біріне қарап, таңырқасты. Айтпағы не болды екен 
сонда?... 
Әбу Жәһил саябыр таба алмай, Мұхаммедке (с.а.у.): 
"Жұмбақтамай айтар сөзіңді айтсаңшы, біз бір сөзге он сөз қосайық", - 
деді. 
Өзіне мұқият қадалған назарларды шолып өткен Пайғамбарымыз: 
"«Лә иләһа иллаллаһ» деп Аллаһтан басқа табынған пұттарыңды өз 
қолдарыңмен лақтырыңдар", - деді. 
Манадан бері Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) не айтар екен деп, 
дегбірсізденіп отырғандар иман кәлимасын естігенде қозғалақтап кетті. 
Сонан соң өз араларында: 
"Сен осынша тәңірлердің орнына біреуі ғана қалсын дегенді айтқың 
келе ме? Ойыңды түсіне алмадық", - дей келіп "Жо-жоқ, бұл адам бізге 
қаламаған нәрсемізді бермекші. Салғыласып қайтеміз, өз білгенімізді істеп, 
ата-бабамыздың дінінде қалғанымыз жөн. Кейінгісін көре жатармыз", - десті. 
Хақ Тағала Құранның "Саад" сүресінің 5-6-аяттарында осы оқиғаны 
былайша суреттеген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет