377
Сухайл ибн Амр сөзге араласып, "Мұсылмандардың енді бірігуі
неғайбыл" - деп күмәнін білдіргенде Әбу Жәһилдің ұлы Икрима:
"Мұхаммедтің (с.а.у.)
қолында ештеңе жоқ, құдіретті Аллаһтың дегені
болады. Жеңдіру де, күйрету де Ұлы Құдіреттің қалауында", - деп тыйып
тастады.
Сухайл Икримадан мұндайды күтпеген, таңданысын жасырмады.
Икрима оған:
"Әлі де түсінбегенсіңдер ме, біз ақымақтықпен мылқау тастарға
табынып келіппіз ғой", - деп жауап берді.
Шайтан атты мақұлықтың міндеті пендені алдап-арбау емес пе? Қым-
қуыт ұрыс қызған тұста құрайыш мүшрігі Шәйба ибн Османды түлен түртіп,
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) көзін құртуды ойлайды. Әкесі Осман Ухудта
мұсылмандар қолынан өлгелі іші қыж-қыж қайнап "әй, бір кегімді
қайтарармын" деп өршеленіп жүретін. Пасық пиғылын жүзеге
асырудың
оңтайлы сәті туды деп түсінген Шәйба Пайғамбарымыздың оң жағына
жақындаған, бірақ бата алмады. Себебі, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)
қасында көкесі Хазіреті Аббас тұрған. Шегініп сол жақтан соқтықпақшы еді,
пайғамбарымыздың немере інісі Хазіреті Әбу Суфиан ибн Харисті көріп тағы
кідірді. Не де болса арқа тұсынан байқатпай жақындап, қылышпен сұлатып
салайын деп ойлап семсерін құлаштай көтергені сол-ақ екен, пайғамбар мен
арасында от пайда болып, жалыны бетін шарпып өтті. Қорыққаны
соншалықты, ойбайлап бетін көлегейлеп ытқып кетті. Жұрт аң - таң. Шәйба
сонда ғана пайғамбарымыздың Аллаһ тарапынан қорғалатынына көзі жетті.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) бұрылып күлімсіреді де: "Шәйба, кел
мұнда", - деді.
Шәйба
аяқ-қолы дірілдеп, қалш-қалш еткен бойы Расулаллаһқа
жақындады. Пайғамбарымыз қолын мүшріктің көкірек тұсына қойды да:
"Уа, Жаратқан жан ием! Шайтанның уәсуәсасынан сақта мына
құлыңды!" - деп дұға қылды.
Кәпірлермен айқасқа кіріскен Шәйба жанын салып Пайғамбарымызды
қорғады.
Кейінірек өзі: "Сол сәтте әкем тіріліп келсе, ойланбастан оны да
өлтірген болар едім", - деген.
Сөйтіп, "бүкіл дүниеде Мұхаммедті (с.а.у.) мойындамаған тірі жан
қалмаса да мен өз жолымнан қайтпаймын", - дегендердің біреуі
Расулаллаһтың нұрлы тылсымынан өз несібесін алды.
Шайқас алаңынан алды-артына қарамай
қашқандардың бетін қайтару
мүмкін еместей. Расулаллаһтың қасында көкесі Хазіреті Аббастан өзге жүз
шақты ғана мұсылман қалған. Пайғамбар қолбасшы Дүлдүлге мінген.
Бауыры Аббасқа: "Уа, әнсарлар! Аллаһ жолында жанын пида етуге серт
берген сахабалар! Қайдасыңдар, қайда кетіп барасыңдар?" - деп айқайлауға
әмір етті. Хазіреті Аббас айтылғанды екі етпеді.
Аббастай атпал азаматтың дауысынан бүкіл тау-тас жаңғырды.
Мужаһид сахабалар сонда барып шырт ұйқыдан оянғандай күй кешті.
378
"Ау, расында да біз қайда желіп барамыз? Аллаһ Расулына берген
антымыздың желге ұшқаны ма? Расулаллаһты жау қолына тастап-ақ
кеткеніміз бе?..."
Мұсылман жауынгерлер кілт бұрылып, кері қарай,
Пайғамбарымызға
жанұшыра жаяуы жүгіріп, аттысы шауып келді.
Көзді ашып-жұмғанша мужаһидтер қолы қайтадан дұшпанмен
айқасып, майдан қыза түсті. Жау шошиын деді. Хазіреті Әли мен Әбу
Дужана сынды қаһармандар Аллаһ Елшісін оқтан қорғап, өз кеуделерімен
қалқалады. Жау әскерлері жауынгер сахабалардың қайсарлығына тәнті
болып қана қоймай тартына берді. Оқ пен оттың арасында да Аллаһ Елшісі
асхабының жігерін жанып, жалынды ұрандар тастады. Енді бірде дүлдүлінің
үстінде бойын тіктеген күйі:
"Мен Аллаһтың елшісімін. Бұл айтқаным жалғаннан ада...", - деді.
Пайғамбарлық пен өтіріктің мүлде жанаспайтынын, Аллаһтың
құлына уәде
еткен көмегіне деген сенімін паш етті. Қаһарман қолбасының бұл сөздері
төзім мен шыдамдылықтың нәтижесі - жеңістің сүйінші лебіндей естілді.
Мұнан соң Дүлдүлінен түсіп, Пайғамбарымыз тізе бүкті де көкке қолын
жайып жалбарына бастады:
"Уа, құдіретті Аллаһым!
Көмегіңе мұқтажбыз. Біздің жеңілгенімізді қаламайтының аян", - деді
де жерден бір уыс топырақ алып дұшпанға қарай шашып жіберді.
Бұл құдіретті қойсаңшы, бір уыс топырақтан көзін аша алмай, дұшпан
көзін уқалаған күйі шегіншектеп, жасқана берді. Аллаһтың жәрдемімен
пайғамбарымыздың тағы бір муғжизасы осылайша жүзеге асты.
Хауазиндер қорқып бытырай жөнелді. Дәл сол сәтте Хазіреті Әли
олардың байрақ ұстаған баһадүрін жалпасынан түсірді.
Қасарысқан
дұшпанның бірде-біреуі келіп байрақтарын көтеруге батылы жетпеді.
Көктен періште - әскерлер түсіп мужаһидтер қатары онан сайын
толықты. Пайғамбарымыз Дүлдүлін қамшылап, өзі бастап дұшпанның ізіне
түсті. Осы жеңіс жайлы Тәубе сүресінің 25-26 аяттары ашық баяндайды:
"(Меккенің алынуынан кейін, Мекке мен Тайф арасында Хунайн деген
жерде болған шайқаста мұсылмандар сандарының көптігіне сеніп, қайтсек те
жеңеміз деп ойлайды.)
Расында, Аллаһ сендерге көп жерде жәрдем етті. Сондай-ақ Хунайн
күні де көмек берді. Сол кезде көптіктерің сендерді паңдандырды. Бірақ ол
(саны көптік) түк пайда бермеді. (Мазаларың кетіп) Кең жер сендерге тар
келді. Сонан соң бет алдарыңа қайта қаштыңдар.
Сонан кейін Аллан Елшісіне әрі муминдерге сенімділік, тоқтау салды.
Сендерге өздерің көре алмайтын көптеген әскер жіберіп, кәпірлерге азапқа
душар етті. Міне, кәпірлердің жазасы осы".
Аллаһ Расулы сарбаздарына дұшпандардың соңына түсуге бұйырды.
Өзі де мужаһидтер арасында. Халид ибн Уәлид бастаған алдыңғы шеп
әскерлерінің бала-шағаға да, әйелдерге де қылыш көтергенін естігенде
пайғамбарымыз қатты қынжылып:
379
"Әйел-аналар мен балаларға тиісуші болмаңдар!" - деп әмір етті. Бір
сахабаның: "Уа, Расуллуллаһ! Олар мүшріктердің балалары ғой?" - деген
сауалына да:
"Сендер де мүшріктердің баласы емес пе едіңдер?
Әрбір бала туғанда мұсылман жаратылысымен, пәк күйінде дүниеге
келеді. Кейіннен ата-аналары
оны я христиан етеді, я болмаса яһуди", - деп
жауап берді.
Дұшпан әскері әйел, бала-шағаны түгелдей майдан алаңына ертіп
әкелгендіктен қауқарсыз жандардың көбісі мұсылмандар қолына түсті.
Ислам әскерлері мол олжаға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: