122
"Мұхаммедке (с.а.у.) тіл тигізіп, оның дінін жоққа шығар. Лат пен
Уззаға табынудың дұрыс екенін мойында, әйтпесе, мұнан соңғы өмірің ит
қорлықпен өтеді", - деп тықсырады.
Шарасыздықтан шаршаған, әбден діңкелеген Аммар олардың айтқанын
сөзбе-сөз қайталады. Есірген кәпірлер соған мәз боп, Аммарды еркіне қоя
берді.
Тұтқыннан босаған Аммар алдымен ардақты Пайғамбарымызды іздеп
тапты. Басын салбыратып, салы суға кеткен ол кінәлі адамдай жалтақтап
тұрды да:
"Ей, Аллаһтың Елшісі! Сенің рұқсатыңмен мүшріктердің айт дегенін
айтып құтылдым. Бүйтіп құтылғанша өмір бойы азаптанғаным артық еді-ау",
- деп отыра кетті.
Жүрегінің түкпіріне иман нұрын ұялатқан Аммардың сол сәттегі ішкі
жан арпалысын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Кінәлі жандай көзін
төмен салған күйі тебіреніп тұрды. Оның ойлы жанарынан "мүшріктердің
қорлығынан құтылдым-ау, Аллаһтың азабынан қалай құтылармын?" - дегенді
оқуға болар еді.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
"Мүшріктердің сөзін сөйлегенде өзіңді іштей қалай сезіндің?" - деп
сұрады.
Аммардың жауабы:
"Тілім қайталағанмен, жүрегім қан жылады. Иманым – жүрегімнің
түкпірінде ғой".
Мұнан соң Аллаһ Расулы:
"Мұңайма Аммар! Кәпірдің тілегін тіліңмен айтқанда жүрегіңмен
қостамаған болсаң, Аллаһ сені кешірер. Тағы да ұстап, жаныңды қинайтын
болса "сендердің дегендерің болсын" деп басыңды арашалап ал", - деп
Аммардың көңілін демдеді.
Осы оқиғадан соң іле-шала Құранның төмендегі аяты түсті:
Достарыңызбен бөлісу: