Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хабашстандағы мұсылмандардың ата жұртына оралуы



Pdf көрінісі
бет120/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хабашстандағы мұсылмандардың ата жұртына оралуы 

Хабашстанға  көшіп,  қоныстанған  мұсылмандардың  жағдайы  жақсы, 

тұрмысы  түзу,  түндері  тыныш  болғанмен,  туған  жерге  аңсары  ауып, 

сағыныш  солықтарын  баса  алмай-ақ  қойды.  Елім,  жерім  деген  ұлы  сезім 

бойларында қанын тасытып, күн өткен сайын атамекен өзіне тарта берді. 

Екінші  топ  мұсылмандар  көшіп  келген  соң,  арадан  үш  ай  өткенде 

Мекке  мүшріктерінің  топ  басшыларынан  бірнешеуінің  иман  келтіргені 

жайлы  хабар  Хабашстандағы  жерлестеріне  де  келіп  жетеді...  Ақ  дегені  - 

алғыс,  қара  дегені  -  қарғыс  деп  қабылданатын  азулылардың  түзу  жолға 

түсуін мұсылмандар қауіптің сейілгені деп ұғады. 

Сөйтіп  шет  жердегі  мұсылмандардың  отыз  тоғызы  атажұртын  аңсап 

жолға  шығады.  Топтағы  жолаушылардың  алтауы  -  әйел.  Алайда  Меккеге 

жақындағанда  естігендерінің  жалған  екеніне  көздері  жетеді,  бірақ  амал 

қайсы, болар іс болған-ды. 

Туған  жерін  аңсап  келгендер  Меккеге  кіру  үшін  не  мүшрік  туыс, 

достарын  паналауы,  не  болмаса  ешкімнің  көзіне  түспеуі  керек.  Қалаға  еркін 

кіруге  ұмтылыстың  нәтижесіз  болары  айдан  анық.  Келгендердің  бірнешеуі 

амалсыздан мүшрік "достарын" саялады. Енді біреулері қалаға түн жамылып, 

жасырын кіруге әрекет жасады... 

Хабашстанға  кері  қайтқандар  да  болды,  олар  мұсылмандар  Меккеден   

Мәдинаға  көшкенше  сонда  тұрақтады.  Атақты  Мәдинаға  хижрет  кезінде 

алыс  елдегі  мұсылмандардың  көбісі  солай  қарай  жол  тартса,  біразы 

Хабашстанды мекендеп қалған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет