"(Ей, Расулым! Анау яһудилерге) былай де: "Сендер міндетті түрде
жеңілесіңдер, жиналып жәһаннамға айдаласыңдар. Жәһаннам неткен
жаман жер" -
делінеді.
Соның артынша Әнфал сүресінің 58-аяты түсіп, онда пайғамбарымызға
яһудилермен соғысуға рұқсат берілді.
Енді күтудің мәні жоқ-ты. Мұхаммед (с.а.у.) шешімін кесіп айтты:
"Яһудилермен соғысамыз!"
Аллаһ Расулы Мәдинаға өз орнына өкіл етіп Лүбәба ибн Абдил
Мунзирді тағайындайды. Ақ туды Хазіреті Хамзаға ұстатып Бәни
Қайнұқалардың қамалын бетке алады. Мұсылмандардың шайқасқалы келе
жатқанын көрген яһудилер қамал қақпаларын тарс бекітіп тығылып жатып
алады.
Мұсылман әскері қорғанды қоршауға алады. Бекініс он бес күнге
созылып, ақыры яһудилер берілгендіктерін мойындайды. Пайғамбардың
бұйрығымен яһудилердің қолдары арттарына байланып тұтқындалады.
Болған
жайттан
бүкіл
Мәдина
құлақтанып
үлгереді.
Яһудилердің
мұсылмандарға берілгенін естіген сәтте мунафиқ Абдуллаһ ибн Үбәй
пайғамбарымызға келеді.
"Уа, Мұхаммед! Менің одақтас, серіктестеріме кешірім жасауыңды
өтінемін", - дейді ол келе сала.
Расулаллаһ естімеген сыңай байқатады. Абдуллаһ ибн Үбәй қыр
соңынан қалмай:
"Уа, Мұхаммед! Менің одақтастарымды кешір", - дейді тағы да.
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) теріс қараған күйі тұра береді. Мунафиқ
басшысы тағы бірнеше қайтара өтінішін қайталайды.
Пайғамбарымыз сахабаларына қарап:
"Тұтқындардың қолдарын шешіңдер", - деді де яһудилерді Мәдинадан
Шамға жер аударуға бұйрық берді.
Хазіреті Мұхаммедтің мақсаты қалай болған күнде де яһудилердің
алауыздығынан Мәдинаны арашалау еді. Ру, тайпа арасына от салып,
өшпенділікті өршітуге тосқауыл қоюды көздеген. Яһудилердің жер
аударылуымен бұл тілек орындалғандай болды.
237
Достарыңызбен бөлісу: |