ұшымен тұрып, ұзын көрінгісі келіп әлекке түсті. Расулаллаһ оны байқамай
248
расында да Рафи'ді жеңгеніне куә болған соң бала көңілін қимай, оны да
қатарға тұрғызады. Небары он төрт - он бес жастағы бұғанасы қатпаған жас
сахабалар жан-тәнімен мужаһидтер сапында соғысуға ұмтылған-ды.
Пайғамбарымыз әскерлерін бастан-аяқ бақылап болғанда күн ұясына
батуға таяған. Біраздан соң Біләл Хабаши намазшамның азанын оқыды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) мужаһидтерге намаз қылдырды. Құптаннан соң
әскерлер жатып тынығуға ыңғайланды. Мұхаммед ибн Мәслама бастаған елу
әскерге күзетшілік міндеті жүктелді.
Құлқын сәріден жиналған мұсылмандар қолы Ухудқа қарай бағыт
алды... Екі жақ та бірін-бірі көре алатындай қашықтықта.
Қарсы беттен дұшпан әскері анық көрінеді... Мужаһидтер майданында
таң намазының азаны оқылып, көк гүрлегендей әсерде. Мұсылмандар сапқа
тізіліп, қаруланған күйі ұлы имамға ұйып жаудың көз алдында намаздарын
оқып шықты.
Сонан соң пайғамбарымыз сақтық мақсатымен сауытының үстінен
екінші бір сауыт, тақиясының үстінен темір дулыға киеді.
Екі жақ қарама-қарсы орнықты. Әркім өзінше ұрыс тәртібін
қадағалауда.
Дәл сол сәтте жол бойы тартыншақтап келген Абдуллаһ ибн Үбәй
ортаға шығып айқайға басты:
"Мұхаммед (с.а.у.) жап-жас жігіттердің сөзіне еріп, менің айтқаныма
құлақ аспады.
Ей жұртшылық! Біз мына жерде не үшін жан беруіміз керек, түсіне
алмадым",- деп, қауымынан және мунафиқтардан құралған үш жүздей
әскерімен саптан шығып кері қайтты.
Мунафиқтар кеткен соң Ислам әскерінде бас-аяғы 700 кісі қалды, яғни
құрайыштың төрттен біріндей ғана...
Абдуллаһ ибн Үбәй мунафиқтарды ғана емес мұсылмандарды да
ертпек болды. Оның айтқанына құлақ асқан Сәлима және Хариса руының
кейбір жігіттерінің ойы бұзылып, екіжүзділерге қосылмақ та болды. Бірақ
Аллаһтың құдіретімен олар лезде күмәндерінен айығып, алған беттерінен
қайтпауға бекінді.
Достарыңызбен бөлісу: