Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Халид ибн Уәлидтің қырағылығы



Pdf көрінісі
бет233/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Халид ибн Уәлидтің қырағылығы

 

Атқыш-қадағалаушылардың  орындарын  тастап  кетуінен  артқы  шеп 



қорғансыз  қалды.  Соғыс  тактикасын  жетік  білетін  құрайыш  атты  әскерінің 

басшысы  Халид  ибн  Уәлид  осындай  мүмкіндікті  күтіп-ақ  жүрген. 

Шайқастың  қызған  тұсында  осы  өткелден  атойлай  кіргісі  келгенмен 

атқыштар оқ жаудырып, кері қашуға мәжбүр болған. 

Халид  ибн  Уәлид  әскерлерімен  бірге  төбеде  қалған  он  шақты 

мұсылман  атқыштарын  жайратып  салған  соң  Ислам  әскерлеріне  артқы 

шептен  шабуыл  жасады.  Күтпеген  шабуылдан  тосылып  қалған  олар  әрлі-

берлі қашысып әлекке түсті де қалды. Дұшпан жеңіліс тапты деген сеніммен 

кейбіреулері  қаруларын  да  тастай  салған-ды...  Бүны  көрген  құрайыш 

әскерлері қайта келіп, ұрысты қыздырды. 

Мүлде кездейсоқ басқынға ұшыраған мужаһидтер екі жақтан қыспақта 

қалды. 



 

253


Қашқаны  қашып,  қалғаны  құлап,  сүріне-қабына  тарап  жатты. 

Пайғамбарымыздың  жанында  он-он  бес  сахаба  қалған.  Олар  бар  күшімен 

мүшріктердің  оғына  да,  қылыш  соққысына  да  кеуде  керіп  Болмыстың 

падишасын(с.а.у.)  құтқаруға,  қолдан  келгенше  қалқан  болуға  тырысты. 

Кәпірлердің  лақтырған  бір  тасы  Расулаллаһтың  оң  жақ  астыңғы  тісін 

сындырып,  тісті  шейіт  етті.  Маңдайы  жарылып,  мүбәрак  ерні  қанады. 

Абдуллаһ  ибн  Қалша  есімді  кәпірдің  қылышы  бет  сүйегіне  жара  салды. 

Соққының  салмағынан  бет-аузын  түгел  тұмшалаған  темір  бас  киім  екіге 

бөлініп, мүбәрак жүзіне сызат түсірді. 

Сүйікті  пайғамбарымыздың  мүбәрак  жүзіне  темірдің  кіргенін  көрген 

Әбу  Убайда  ибн  Жәррах  оқша  атылып  Расулаллаһтың  қасына  келді,  Әбу 

Бәкір Сыддыққа: 

"Уа,  Әбу  Бәкір!  Аллаһ  үшін  Расулаллаһ  пен  арамызда  түрма,  мына 

темірді  шығарғанша  ары  түр!"-деді  де  тісімен  жұлып  алды.  Тістерінің 

сынғанына қарамады да. 

Малик  ибн  Синан  Пайғамбарлар  Сұлтанының  жүзінен  тамшылаған 

қанды тазалады. Сол сәтте Аллаһ Елшісі (с.а.у.): 

"Қаным  қанына  тиіп,  араласқан  адам  тозақ  отынан  аулақ  болады",- 

деген. 

Мүшріктер  мұсылмаңдарға  ор  қазып  қойған-ды.  Әскерлер  басы  ауған 

жаққа  тырақайлаған  сындарлы  сәтте  байқамай  Мұхаммед  (с.а.у.)  әлгі  орға 

құлап  кетеді.  Шұңқырдың  айналасын  қоршалап  алған  мужаһидтер  жау 

әскерін маңайлатпай  қояды да, бет-аузын қан жуған пайғамбар қолбасшыны 

әупірімдеп шұңқырдан шығарып алады. Бетінің қанын сүртіп тұрып ардақты 

Пайғамбарымыз: 

"Өздерін Раббыларына иман етуге шақырғаны үшін пайғамбардың бет-

жүзін  қанмен  жуған  қауым  қалайша  жақсылыққа  қол  жеткізбек?"-деп 

көңілдегі күпті ойды ақтарғаны бар. 

Сүйікті  елшісінің  бұл  күйзелісінен  соң  Ұлы  Жаратушыдан  аят  түсті. 

Онда былай делінген: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет