етсеңіз өзім-ақ әкемді өлтіріп, басын алдыңызға әкелейін. Хазраждар менің
әкемді ерекше жақсы көретінімді біледі. Егер оны өлтіруді басқа біреуге
тапсырар болсаңыз, сол адамға қарсы өшпенділігім оянуы мүмкін. Нәпсіме
287
Мұсылмандар Мәдинаға жақындап қалған... Ақық деген жерде Хазіреті
Абдуллаһ аттан түсіп әкесінің жолын кес-кестеді. Түйесін шөктірген соң:
"Ізгілік пен күштің бастауы Аллаһ пен оның Расулы екенін
мойындағанша тыпыр еткізбеймін", - деді. Мунафиқ басшы естіген
құлағына, көрген көзіне өзі сенбеді. Мұны айтқан өз ұлы Абдуллаһ қой! Бұл
қалай болғаны?
Иман келтіргенсіп жүрген мунафиқ ақиқат иманның құдіретінен
бейхабар еді.
Таңданысы мен ашуын ірке алмай ұлына:
"Мына көптің ішінен бөліп алып Мәдинаға кіргізбеймін дейсің бе?"-
деді.
Хазіреті Абдуллаһ та:
"Иә, бүгін адамдардың ең әзіз әрі күштісінің, ең бейшара әрі әлсізінің
кім екенін үйретіп мойындатпасам саған Мәдинаға кіру жоқ. Аллаһ пен
Расулының ең құрметті екенін мойындамасаң, өз қолыммен өлтіремін",- деп
зіркілдеді.
Әкесі баласының айтқанынан қайтпайтынын аңғарған соң
"Мен құрметті әрі құдіретті Аллаһ, Расулы және муминдер екеніне
куәмін",- деді.
Оқиғаны естіген Пайғамбарымыз Хазіреті Абдуллаһқа:
"Аллаһ саған Расулына және муминдерге деген құрметің үшін
қайырым етсін",- деп дұға етіп, әкесін қоя беруді бұйырды.
Мұсылман армиясы жиырма сегіз күн жол жүріп, рамазан айы туған
шақта Мәдинаға келіп кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: