Адамгершіліктің аты өшкен
Жәһилия кезеңіндегі Арабстанда адамгершілік атаулы жойылған.
Нәпсіқұмарлық шегіне жетіп, құмар, зинақорлық, маскүнемдік, зұлымдық,
ұрлық, зорлық, өтірік-өсек кең етек алған.
Әлі жеткен әлсізге әлімжеттік жасап, ұрып-соғатын, ойына келгенін
орындататын. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, адам өмірі ойыншыққа
айналған. Күштінің айтқаны - заң, дәрменсіз дымын шығармайды. Адамдар
мал тәрізді мойындарына қамыт кигізіліп, базарда сатылатын.
Әйелдердің көрген күні айуаннан төмен. Әсіресе, жас күңдер зорлық-
зомбылықтың құрбаны боп жатты. Қыздарды сату, зинақорлыққа итермелеу
қалыпты тұрмыс қажетіне айналған.
Құранда адам атын ластайтын бұл азғындық әрекеттер жөнінде былай
делінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |