Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хазіреті Омардың қорқынышы



Pdf көрінісі
бет306/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Омардың қорқынышы

 

Омар  Фаруқ  Худайбиядан  қайтар  жолдағы  басынан  өткен  жайды 



былайша баяндаған: 

"Худайбиядан Мәдинаға қайтар жолда Хазіреті Расулаллаһтың қасында 

келе жатқанмын. 

Одан  бір  нәрсе  сұрадым.  Жауап  бермеді.  Қайталап  сұрадым.  Тағы  да 

жауап бермеді. Үшінші рет айттым, тағы да үнсіздік. 

Өз-өзіме  іштей:  "Ей,  Хаттабтың  ұлы!  Соры  қалың  бейбақсың-ау, 

Расулаллаһтан  үш  рет  сұраған  сауалың  жауапсыз  қалды.  Сен  туралы 

(жамандаған)  аят  түсетін  шығар",  -  дедім  де  аяқ-қолым  дірілдеп  үрейленген 

күйімде  тобырдың  алдына  түстім.  Сол

 

сәттегі  жан  қиналысымды  Аллаһ 

ешкімнің басына бермегей. 

Біраздан  соң  сахабалардың  бірі  менің  атымды  атап,  Расулаллаһтың 

қасына шақырды. Қорыққаным соншалықты іштей: 



 

329


"Ә,  бәсе  қаупім  бекер  болмады-ау",  -  деп  алға  басқан  аяғым  кері  кетіп 

Аллаһ  Расулының  жанына  жеттім.  Сәлем  беріп  едім,  алды.  Жүзі  мейірленіп 

күлімсірей қарсы алды. 

"Уа,  Хаттабтың  ұлы!  Маған  бір  сүре  уахи  болды,  ол  Мен  үшін 

дүниедегі  бар  нәрседен  қымбат",  -  деді  де:  "  (Худайбиядағы  бейбіт  келісім 

арқылы)  Біз  сені  шын  мәніндегі  ашық,  айқын  жеңіске  жеткіздік!..."  деп 

келетін аятты оқыды". 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет