Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Ғассан билеушісін Исламға үндеу



Pdf көрінісі
бет319/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Ғассан билеушісін Исламға үндеу

 

Ғассанилер - Сирияны мекендейтін тайпаның ең күштісі. 



Хижреттің  жетінші  жылы  мұхаррам  айында  сахаба  Шужа'  ибн  Уәһб 

пайғамбардың жолдауымен осы тайпаның басшысы Харис  ибн Әби  Шимрді 

Исламға үндеу мақсатымен сол аймаққа келеді. 

Шужа  ибн  Уәхб  Шамға,  хан  сарайына  келгенде  билеуші  орнында  жоқ 

болып  шығады.  Бірнеше  күн  сарғая  күтуге  тұра  келеді.  Бірақ  босқа  уақыт 

өткізбей  сарайдың  күзетшісімен  танысып,  келген  мақсатын  айтып,  Исламды 

насихаттап парызын орындайды. 

Сарай  күзетшісі  Мира  Інжілден  хабары  мол,  көзі  ашық,  сауатты  адам 

еді.  Шужаның  әңгімелері  көңіліне  қонып,  ақиқатқа  көз  жеткізген  ол  сол 

жерде  Аллаһқа  иман  келтіреді.  Бірақ  әкім  Харистің  қанды  тырнағынан 

қорқып, иманын сыр қылып сақтайды. 

Көп күттірген Харис патшамен кездесудің сәті түсті-ау, әйтеуір. Шужа' 

Харис патшаның құзырына кіріп, мәселені нақты қойды. 

"Бисмилләһир-рахманир-рахим.  Аллаһ  Расулы  Мұхаммедтен  Харис 

ибн Әби Шимрге! 

Тура  жолдан  тайқымай,  Аллаһқа  иман  етіп,  пайғамбарға  ергендерге 

сәлем! 

Мен  сені  ортағы,  серігі  жоқ  жалғыз  Аллаһқа  сенуге  шақырамын. 

Үндеуімді  қабылдасаң,  сол  таққа  иелік  жасап  қала  бересің!"  -  деген  жеріне 



 

342


келгенде  Харис  долданып:  "Менің  тағымды  кім  тартып  алмақ  екен?  Жердің 

түбінде  болса  да  мен  шайқасуға  дайынмын",  -  деп  бір  отырып,  бір  тұрды. 

Ашуланған бетінде қызметкерлеріне ат-көлікті әзірлеуге әмір берді. 

Шужа'ны  адам  құрлы  көрмей:  "Келген  жолыңмен  кері  қайт",  -  деп 

айқайлады. 

Харис  Мәдинаға  шабуыл  жасауға  шындап  дайындалды.  Сол  тұста 

Құдыста  отырған  Қайсерге  хабар  бергізді.  Алайда  Қайсерден  наразылық 

білдірген  жауап  алады.  Хатта:  ашықтан-ашық  "оған  шабуыл  жасаймын" 

деген ой өңің түгіл түсіңе де кірмегені абзал - делініпті. 

Шужа' ибн Уәһб Мәдинаға келген соң мән-жайды түгел баяндап береді. 

Сарай күзетшісі Мираның мұсылман болғанын, сәлемін жеткізеді. 

Расулаллаһ Харистың қылығына реніш білдіріп: 

"Сөйткен  салтанатыңның  аты  өшер-ау!"  -  дейді.  Арадан  бір  жыл 

өткенде Харис кәпір күйінде көз жұмады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет