Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет360/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ХИЖРЕТТІҢ ОНЫНШЫ, 

ОН БІРІНШІ ЖЫЛДАРЫ

 

 



XVII ТАРАУ

 

 



 

 

 



 

 



 

396


А

ЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ

 

Хижреттің оныншы жылы. Зилхижжа айы. Милади 632 жыл. 



Бұл  кезде  Аллаһ  Елшісі  (с.а.у.)  мұсылмандармен  бірге  қажылыққа 

дайындалып, ұзақта тұратын мұсылмандарға да Мәдинаға жиналу үшін хабар 

жіберген. 

Бұл  хабарды ести сала қажылыққа ниет еткен жұртшылық жан-жақтан 

ағылып  келе  бастады.  Көп  ұзамай,  Мәдина  иман  мен  Ислам  нұрына 

малынды. 

Қаланың шет-шетіне шатырлар құрылды. 

Мұсылмандар шат-шадыман, ұлы мейрамның қуанышын бөлісті. Мұны 

көрген  екі  дүние  сұлтаны  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  болса  қуанышы 

қойнына сыймай, Жаратқан Иесіне шексіз шүкір етумен болды. 

Күн  сенбі.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  иіссу  сеуіп,  жаңа  киімдерін  киді. 

Жамағатпен 

бірге 

бесін 


намазын 

оқып, 


жан-жағын 

қаумалаған 

мұсылмандармен бірге Мәдинадан жолға шықты. Жолда «Зулхулайфа» деген 

жерде тоқтап, түнейді. 

Ертесіне  бесін  намазынан  соң  Меккеге  бет  алды.  Пайғамбарымыздың 

қасында сахабалар, сүйікті қызы Фатима бар. 

"... 

Ләббәйк Алланумә Ләббәйк.

.. 


Ләббәйкә лә Шәрикә ләкә ләббәйк... 

Иннәлхамда уәнниғмәтә уәлмүлк 

Лә шәрикә ләк" 

Қажылық  сапарының  дәстүрлі  тәлбиясы  жер  мен  көкті  жаңғыртты. 

Әлемдердің  сұлтаны  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  пен  сахабаларының 

қуанышына күллі жаратылыс сүйсініп, тына қалған. 

Зилхижжа айының төрті, күн жексенбі. Таң рауандап атқан. 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  бастаған  қажылар  Меккенің  жоғарғы 

тұсынан қалаға кірді. 

Қасиетті  Қағба  сонадайдан  мен  мұндалағанда  пайғамбарымыз:  "Уа, 

Раббым!  Осынау  заңғар  ғимараттың  қадір-қасиеті  мен  кереметтігін 

арттырғайсың!.." - деп дұға қылды. 

Сонан  соң  пайғамбарымыз  Бәйтуллаһтың  қасына  барып,  «истилам» 

ғибадатын  жасады  (истилам  -  хажарул  әсуад  аталатын  қасиетті  қара  тасты 

қолмен  сипау  не  оны  сүю,  тіпті  мүмкін  болмаған  жағдайда  ұзақтан 

сипағандай  ырымын  жасау)  да  сол  бұрыштан  айналып  Қағбаны  тауап  ете 

бастады.  Алғашқы  үш  айналымда  қысқа  адымдап,  иықтарын  сілкіп  жүрген 

Аллаһ  Расулы  соңғы  төрт  айналым  тауапта  ақырын  аяңдады.  Қағбаны  жеті 

рет айналып тауап етуді аяқтаған ол Ибраһим мақамы аталатын жерге барып 

екі рәкат намаз оқыды. Намаздан кейін тағы бір рет истилам жасады да Сафа 

төбесіне  бет  алды.  Аллаһ  тағалаға  мадақ  айтып,  Сафа  мен  Мәруа  арасында 

жеті  рет  жүріп  өтіп  «сағи»  ғибадатын  да  тәмамдады.  Жексенбі,  дүйсенбі, 

сейсенбі  және  сәрсенбі  күндері  Меккеде  болып,  бейсенбіде  Минаға  барған 

Пайғамбарымыз  бесін,  намаздыгер,  намазшам  мен  құптанды  сонда 




 

397


жамағатпен бірге оқып, сонда түнейді. Зилхижжа айының тоғызы, жұма күні 

таң намазынан соң Минадан Арафатқа қарай бағыт алады. 

Сахабалардың 

"Аллаһу 


әкбарлатқан" 

даусы 


жер 

мен 


көкті 

жаңғырықтырады. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет