"Та-ха. (Ей, Расулым!) Біз саған Құранды азап көріп, бақытсыз
болсын деп түсірген жоқпыз. Құранды жер мен көкті Жаратқан
тарапынан тек Аллаһтан қорқатындарға үгіт ретінде біртіндеп-біртіндеп
түсірдік"
(Та-ха сүресі, 1-4 аяттар)
Омар оқып отырып терең ойға шомды. Құдды басқа бір бейтаныс
әлемге енгендей күй кешті. Құранның әдеби әуені мен мәңгілік әуезі оны
баурап алған-ды. Бір сағат бұрын қылышын жалаңдатып, Мұхаммедті (с.а.у.)
өлтіруге асыққан ол емес сияқты. Жүрегіндегі кек, жүзіндегі өкпе біржола
жойылып, қанталаған көздері нұрға толып, жайнап сала берді. Жүзі
күлімсіреп, жаны рахат тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |