бауыры үшін өлімге де басын тігуге әзір болған көкесінің ауыр кеселге
бірегейісің. Мына халіңді көріп, шыдап отыра алмадық. Інің Абдуллаһтың
155
тірісінде үкіміңді естиік. Бұдан былай сенің бауырың біздің дінімізге
араласпасын, біз де оған тиіспейік", - деді.
Әбу Тәліп пайғамбарымызды шақыртып, құрайыштардың тілегін
жеткізеді:
"Аяулы бауырым! Мына келгендердің бәрін жақсы танисың.
Бұйымтайлары - саған қатысты. Саған берерін беріп, аларын алмаққа - есеп
айырысуға келіпті. Кәрі қойдың жасындай өмірім қалған шақта мені үлкен
деп сыйлап, кеңесу үшін бас қосып отыр".
Пайғамбарымыз: "Айтқандарыңның бәрі орынды, көке. Менің бұларға
берерім - бір-ақ ауыз сөз. Сол сөзді құптап, қабыл алар болса, бүткіл
арабтардан және басқа да халықтардан үстем болар", - деді.
Әбу Тәліп: "Бір ауыз сөз дейсің бе?", - деді таңырқап.
Мұхаммед (с.а.у.): "Иә, солай", - деп бас изеді.
Жиналғандар бір-біріне қарап, таңырқасты. Айтпағы не болды екен
сонда?...
Әбу Жәһил саябыр таба алмай, Мұхаммедке (с.а.у.):
"Жұмбақтамай айтар сөзіңді айтсаңшы, біз бір сөзге он сөз қосайық", -
деді.
Өзіне мұқият қадалған назарларды шолып өткен Пайғамбарымыз:
"«Лә иләһа иллаллаһ» деп Аллаһтан басқа табынған пұттарыңды өз
қолдарыңмен лақтырыңдар", - деді.
Манадан бері Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) не айтар екен деп,
дегбірсізденіп отырғандар иман кәлимасын естігенде қозғалақтап кетті.
Сонан соң өз араларында:
"Сен осынша тәңірлердің орнына біреуі ғана қалсын дегенді айтқың
келе ме? Ойыңды түсіне алмадық", - дей келіп "Жо-жоқ, бұл адам бізге
қаламаған нәрсемізді бермекші. Салғыласып қайтеміз, өз білгенімізді істеп,
ата-бабамыздың дінінде қалғанымыз жөн. Кейінгісін көре жатармыз", - десті.
Хақ Тағала Құранның "Саад" сүресінің 5-6-аяттарында осы оқиғаны
былайша суреттеген:
Достарыңызбен бөлісу: