Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ОМАР БАСТАҒАН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ КӨШІ



Pdf көрінісі
бет152/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ОМАР БАСТАҒАН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ КӨШІ

 

Мұсылмандардың 



көбісі 

жасырынып, 

оңаша 

сәтті 


не 

түн 


қараңғылығын  пайдаланып  жолға  шықса,  Хазіреті  Омар  қару-жарағын 

майлап,  садағын  сайлап  Қағбаға  барып,  жеті  рет  ашықтан-ашық  тауап  етті. 

Мұнан соң маңғаздана сол жерде отырған мүшріктерге қарап: 

"Мен  де  дінімді  қорғауға  Аллаһ  жолында  көшкелі  жатырмын.  Әйелін 

жесір,  бала-шағасын  жетім  етіп,  ата-анасын  еңіретіп  қалдырғысы  келетіндер 

болса қарсыма шықсын. Жекпе-жекке дайынмын", - деді. 

Айтарын айтып болып, қасына жиырмаға жуық мұсылманды ертіп тапа 

тал түсте Меккемен қош айтысты. Мүшріктер оның соңынан қуғыншы салуға 

батылы жетпеді... 

Бас-аяғы  бірнеше  айдың  ішінде  мұсылмандардың  көпшілігі  Мәдинаға 

көшіп  үлгерді.  Қалғандар  -  Хазіреті  Мұхаммед,  Хазіреті  Әбу  Бәкір,  Хазіреті 

Әли  және  жолға  жарамайтын  науқастар  мен  жанын  әрең  бағып  отырған 

кедей-кепшік, сондай-ақ мүшріктерге тұтқын болғандар ғана. 

Сүйікті  Пайғамбарымыз  да  көшуге  әзір  болатын,  бірақ  Аллаһ 

Тағаланың  тікелей  бұйрығы  түскен  жоқ  еді.  Хазіреті  Әбу  Бәкір 

сабырсызданып  өзге  мұсылмандар  сияқты  көшкісі  келетінін  айтқанда 

Пайғамбарымыз: 

"Уа,  сыддық  достым!  Шыдамыңды  шыңдай  түс.  Аллаһ  Тағала  сені  де 

жалғыз тастамас", - дейді. 

Мәдинаға  ағыла  көшкен  мұсылмандарды  Әус  пен  Хазраж  руының 

өкілдері қуана қарсы алып, жылы қабақ танытты. Көптен күткен қонақтарына 

ілтипат  көрсетіп,  отбасы,  бала-шағасымен  келгендер  үйлі-барандылардың 

мейманы  болса,  бойдақтар  Құба  алқабында  тұратын  салт  басты  Саад  ибн 

Хәйсаманың үйіне түсті. 

 

 



 

181




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет