Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы



Pdf көрінісі
бет169/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы 

Аллаһ  Елшісі  жолшыбай  Салим  ибн  Ауф  ұлдарының  мекеніне  соғып, 

Рануна алаңқайында жұма намазын оқыды. 

Бұл - Пайғамбарымыздың Мәдинадағы тұңғыш жұма намазы. Намаздан 

кейін  Аллаһ  Расулы  екі  хұтба  жасады.  Аллаһқа  мадақ  айтқан  соң  ол  былай 

деді: 


"Уа, халайық! 

Денсаулығыңыз  бар  кезде  ақырет  үшін  азық  жинаңыздар.  Қиямет-

қайымда  шопансыз  қалған  қойдың  да  сұрауы  болады.  Хақ  Тағала  барлық 

пенделерін есепке тартады. 

"Саған  мен  елшімді  жібердім.  Расулым  тура  жолды  түсіндірмеді  ме? 

Мен саған мал-мүлік, ғұмырың бойынша ырзық-несібе бердім. Ал сен ақырет 

үшін  не  жинадың?"  дегенде  пенде  оңына,  солына  қарап,  ештеңе  көре 

алмайды.  Ақыретке  азық  жинамаған  болса,  алдынан  тозақ  оты  көрінеді. 

Сондықтан  кімде-кім  мына  дүниеде  жарты  құрмамен  болса  да,  жақсылық 

жасасын. Өзін ақырзаманда құтқаратын амал жасасын. Ол да болмаса, жақсы 

сөз сөйлеп құтқаруға тырыссын. Жақсы сөз де - сауап. 

Аллаһтың сәлемі, берекеті мен рақметі жаусын!" 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет