Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


МЕККЕ КЕЗЕҢІН ТҮЙІНДЕЙТІН БОЛСАҚ



Pdf көрінісі
бет174/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

МЕККЕ КЕЗЕҢІН ТҮЙІНДЕЙТІН БОЛСАҚ 

... 


Мұхаммед (с.а.у.) Мәдинаға хижрет етті. Он үш жылға созылған Мекке 

кезеңі артта қалды. Исламды уағыздауда маңызды орны болған бұл кезеңнің 

тобықтай түйінін осы жерде тағы бір түйіп, Расулулланың басынан өткерген 

жайттарын қысқаша атап өткенді жөн көрдік... 

Пайғамбарымыз  б.ә.  610  жылы  Аллаһ  Тағала  тарапынан  пайғамбар 

ретінде  жіберілген  кезде  араб  қоғамы  тас  түнек  қараңғылық  ішінде  еді.  Өз 

жерлестерімен  қоса  күллі  адамзатты  осы  қою  қапастан  құтқару  міндеті 

Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) жүктелді... 

Оны  пайғамбар  етіп  жолдаған  Ұлы  Жаратушымыз  Исламды  қалай 

уағыздап,  қалай  тарату  керек  екендігін  ұдайы  ескертіп  отырды.  Пайғамбар 

осы әмірлерге мойынсұнып қызмет етті. 

Тұрмысты  жаңа,  бұрын-соңды  болмаған  принциптермен  жаңғырту 

оңай  емес,  әрине.  Айналасындағылар  салтына  берік,  ерегісте  алдына  жан 

салмайтын араб қоғамы болса, бұл істің ауырлығын ойша шамалай беріңіз. 

Өзі  өмір  сүріп  отырған  ортаның  ерекшеліктерін  өте  жақсы  білетін 

Расулуллаһ  пайғамбарлық міндетін қабылдап ала салысымен ашықтан-ашық 

насихатқа  кіріскен  жоқ.  Пайғамбар  екендігін  құпия  ұстады.  Исламды  да 

жария  етуге  асықпады.  Шарттардың  оңтайлылығы,  біраз  уақыт  қажеттігін 

білді. 

Мұхаммед  пайғамбар  иманға  келуге  ең  алдымен  жақын-жуығын 

үндеді.  Тұңғыш  уағызын  жан  жары  Хазіреті  Хадишаға  арнады.  Хадиша  ана 

оның пайғамбарлығына шәк келтірмей, сол сәтте-ақ мұсылман болды. Мұнан 

соң  төрт  жасынан  бері  қолында  өскен,  тәрбиесін  көрген  Хазіреті  Әлиді 

Исламға  шақырды.  Ол  да  иман  келтірді.  Сонан  соң  ғана  отбасындағылардан 

басқа  ең  сенімді  жолдастарына  иман  ақиқатын  түсіндірді.  Жан  жолдасы 

Хазіреті  Әбу  Бәкір  мұсылмандыққа  бас  иген  соң,  соның  арқасында  бірнеше 

кісі имандылыққа бет бұрды. 

Исламды жасырын уағыздау кезінде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) өте сақ 

қимылдайтын, әрбір істе абай болуға тырысатын. Алғашқы мұсылмандардың 

да  мұқият  болуын  ескертетін.  Мысалы,  Әбу  Зәрр  Ғифари  мұсылман 

болғанда, оған айтқан ұсынысы: 



 

198


"Уа,  Әбу  Зәрр!  Сен  әзір  бұл  істі  құпия  ұста.  Еліңе  қайт.  Біздің  ашық 

түрде іске кіріскенімізді естігенде келерсің". 

Пайғамбардың  бұл  ескертуінің  себебіне  аса  мән  бермеген  ол,  кеудесін 

кернеген қуанышқа жеңдіріп, Қағбаға барып мұсылмандығын жария еткенде 

мүшіріктердің соққысына душар болады. 

Хазіреті  Расулаллаһ  табаны  күректей  үш  жыл  бойы  тапжылмай 

жасырын уағыз-насихат жүргізеді. Осы мерзім ішінде қатарына қосылғандар 

саны отызға жуықтаған... 

Бұл  құпия  үндеу  кезеңі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет