Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАР ОТБАСЫНЫҢ МӘДИНАҒА КЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет184/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ПАЙҒАМБАР ОТБАСЫНЫҢ МӘДИНАҒА КЕЛУІ

 

Хазіреті  Мұхаммед  Мәдинаға  хижрет  еткенде  зайыбы  Сәуда  мен 



қалыңдығы  Айшаны  және  қыздары  Үммү  Гүлсім,  Зейнеп,  Фатималарды 

Меккеде  қалдыруға  мәжбүр  болған  еді.  Жаңа  қоныста  ілтипатқа  бөленіп, 

орнығып,  пайғамбар  мешіті  жанынан  отбасына  арнап  үй  де  салынған  соң 

көңілі  жайланған  Пайғамбарымыз  отбасын  көшіріп  әкелмек  болады. 

Пайғамбардың  үйі  Ислам  тарихында  "бақыттың  отауы"  аталады.  Бұл  міндет 

сахабалардан  Зәйд  ибн  Хариса  мен  Әбу  Рафи'ге  жүктеледі.  Екі  сахаба 

өздеріне 

тапсырылған 

аманатты 

орындайды. 

Тек 

Зейнеп, 


күйеуі 

мұсылмандықты  қабылдамағандықтан  қалып  қояды.  Кейіннен  оның  жұбайы 

да иман келтіріп, отбасымен Мәдинаға көшіп келеді. 

Пайғамбардың  отбасы  Мәдинаға  келген  соң  әркім  өзіне  арналған 

бөлмеге жайғасады. Айша анамыз ғана әкесі Әбу Бәкірдің үйіне түседі. 

Расулаллаһ  Айша  анамызды  Меккеде  айттырып,  некелері  қиылған 

болатын. 

Шарттардың 

қолайсыздығына 

байланысты 

той 

кейінге 


қалдырылған еді... 

Мәдинаға  келген  соң  хижреттің  бірінші  жылында  шәууәл  айында 

үйлену тойлары өткізіледі. Пайғамбарымыз ол шақта 55 жаста болатын. 

Хазіреті 

Айша 

түсінігі 



мол, 

ерекше 


зерек 

әйел 


болған. 

Мұқияттылығының  арқасында  Расулаллаһтан  аз  уақыт  ішінде  көптеген 

Ислами үкімдерді үйреніп, оны жұртқа  жеткізіп отырған. Сахаба әйелдердің 

ең алдында тұруының себебі, аса зейінділігіне қатысты.  Ардақты анамыздан 

бүгінгі  күнге  дейін  келіп  жеткен  хадис  саны  -  2210.  Әр  қилы  мәселелер 

тұрғысындағы 

пайғамбарымыздың 

көзқарастарын, 

Ислами 

үкімдерді 

сахабалар  Айша  арқылы  танып-білген.  Оған  Аллаһ  Расулының  "Діннің 

жартысын осы әйелден үйреніңіздер" деген сөздері де куә. 

Айша  анамыздың  фиқх,  яғни  шариғат  үкімдері  саласындағы  еңбегі  де 

ұшан-теңіз.  Әсіресе,  Исламдағы  әйелдерге  қатысты  мәселелердің  түп  негізі 

осы  аяулы  анамыз  арқылы  жеткен.  Сондықтан,  мен  мұсылманмын,  дейтін 

әрбір  бойжеткен,  әрбір  әйел,  әрбір  ана  қай  жағынан  болса  да,  болмасаң  да 

ұқсап бақ дегендей, Айша анамызға ұқсауға тырысса нұр үстіне нұр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет