255
Жаумен арпалысып келе жатқан қаһарман Хамзаның бір сәт аяғы
тайып кетіп шалқасынан құлайды.
Мерген Уахши сол мезетті қалт жібермейді, оқ зулаған күйі Хамзаның
бауырына дік ете қалады. Хамза тілге келместен жүріп кетеді... Уахши
мұнысымен қоймай, Әбу Суфианның деліқұлы әйелінің көңілін табу үшін
ержүрек шейіт Хамзаның кеудесін жарып жіберіп, өкпесін суырып алып
Хиндке апарып береді... Хинд қуанғанынан қымбат әшекейлерін Уахшиге
ұстатады да, айуандықпен Хамзаның өкпесін аузына салып тұрып қарш-қарш
шайнайды. Өшпенділігі мұнымен де шектелмей, залым Хинд Хазіреті
Хамзаның қасына барып, мүрнын, құлағын білезік, алқа, әшекей қып тағайын
деген ниетпен кесіп алады.
Достарыңызбен бөлісу: