Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет245/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ӨЗГЕ ДЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР

 

Пайғамбарымыздың Хазіреті Хафсамен үйленуі 



Хижреттің үшінші жылы. Шағбан айы. 

Ухуд соғысынан екі ай бұрын Пайғамбарымыз Хазіреті Омардың қызы 

Хазіреті Хафсамен үйленеді. 

Аллаһ  Елшісіне  (с.а.у.)  пайғамбарлық  міндеті  жүктелмес  бұрын 

дүниеге  келген  Хазіреті  Хафса  бұған  дейін  Хунәйс  ибн  Хузафаға  үйленген. 

Хунәйс өліп, Хазіреті Хафса жесір қалады. 

Хазіреті  Омар  қызы  Хафсаны  Хазіреті  Османға,  одан  жауап  болмаған 

соң Хазіреті Әбу Бәкірге бермек болады. Ол да ыңғай білдірмеген соң жесір 

қалған  қызының  тағдырына  қатты  алаңдаған  әке  Аллаһ  Расулына  келіп 

уайымын  ақтарады.  Хазіреті  Омардың  ішкі  қиналысын  сезген  Мұхаммед 

(с.а.у.) досының одан ары мұңайғанын қаламай: 

"Мен  саған  Османнан  да  қайырлы  күйеу  бала,  Османға  сенен  де 

қайырлы қайынатаны айтайын ба?"-деп сұрады. 

Хазіреті  Омар:  "Құдағым  сенде,  уа,  Аллакгың  Расулы",-дейді.  Сонда 

Аллаһ Расулы: 

"Сен  қызың  Хафсаны  менімен  некеле,  мен  қызым  Үммү  Гүлсімді 

Османға берейін",-деді. 

Хазіреті  Омар  бұл  күтпеген  ұсынысқа  қатты  қуанып,  қабыл  етті. 

Сөйтіп  Расулаллаһ  Хафсаны  пәк  те  мүбәрак  зайыптарының  қатарына  қосты. 

Қызы  Үммү  Гүлсімнің  Хазіреті  Османмен  некесін  қиды.  Хазіреті  Осман 

бұған  дейін  пайғамбардың  қызы  Рұққиямен  шаңырақ  көтерген.  Рұққия  о 

дүниелік  болып,  пайғамбардың  екінші  қызымен  үйленгендіктен  оған 

"зиннурайн", яғни екі нұрдың иесі лақабы берілген. 

Хазіреті Хасанның дүниеге келуі

 

Осы  жылы  Аллаһ  Елшісін  ерекше  шаттыққа  кенелткен  оқиға  жүзеге 



асты:  немересі  Хасан  дүниеге  келді.  ...  Хасан  немерелерінің  ішіндегі 

пайғамбарымызға  қатты  ұқсайтыны  еді.  Анасы  Фатима  ұлын  аймалағанда 

"Расулаллаһқа ұқсайтын балапаным" дейтін. 

Пайғамбарымыз  немерелері  Хасан  мен  Хусейінді  өте  жақсы  көрген. 

Олармен ойнап, иығына отырғызып: 

"Осы  екеуі  менің  дүниеде  иіскеп,  аймалаған  екі  райханым",-дейтін 

болған. 

Хасанды мойнына отырғызып: 

"Уа,  Аллаһым!  Мен  оны  жақсы  көрем.  Сен  де  жақсы  көргейсің.  Оны 

жақсы көргенді де сүйіспеншілігіңнен мақрүм етпе!"- деп дұға еткен. 



*****

 

 



 

 

 



 

 

 




 

265


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет