280
Мұны естіген мұсылмандар үйлеріндегі ішкілік атаулыны далага
төгіп, арамнан тезірек құтылуга асықты. Сол күндері Мәдина көшелері
ішкілік селінен аяқ алып жүргісіз еді.
Реті келгенде осы мәселеге қатысты бірнеше хадисті де айта
кетейік.
"Ішкілікке, оны жасаған кісіге, жасалған жерге, ішкізген адамга,
ішкенге, көтеріп тасыганга, тасытқанга, сатқанга, сатып алушыга, одан
түскен пайданы жеп-ішкен адамга Аллан (міндетті түрде) лағынет айтқан
".
"Адамды мас қылатын нәрсенің бәрі - ішкілік және әрбір мас қылатын
нәрсе - арам. "
"Кімде-кім дүниеде үнемі ішкілік ішіп, тәубесіне келмей өлер болса,
ақыретте ол ақырет шәрбатынан құр қалады ".
"Ішкіліктен бойыңызды аулақ салыңыз, өйткені ол -жамандық
атаулының кілті".
"Ішкілік - бүкіл арамдықтың, жамандықтың бастауы ".
"Мас қылатын нәрсенің көбі де азы да (тамшысы) арам ".
Достарыңызбен бөлісу: