Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет307/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Мұсылмандардың қаупі

 

Пайғамбарымыз  Мұхаммедке  (с.а.у.)  Фәтх  сүресі  түскен  сәтте 



мұсылмандардың бойын үрей билегені де рас. Худайбиядағы келісімді іштей 

жақтамаған олар кезекті уахидің осыған қатысты боларынан қауіптенді. 

Сол кезеңді Мүжәмми' ибн Жарияның аузынан тыңдасақ. 

"Халық  қорқа-қорқа  Расулаллаһтың  қасына  жолауға  бата  алмай  бет-

бетімен кетті. Қатер біреу - Расулаллаһқа түскен уахи. 

Не де болса басқа түскенді көрейік деп амалсыздан бірнеше кісі Аллаһ 

Елшісіне  жақындадық.  Бірте-бірте  өзгелер  де  жиналды.  Расулаллаһ  (с.а.у.) 

жиналған көпшілікке қарап: «(Худайбиядағы бейбіт келісім арқылы) Біз сені 

шын мәніндегі ашық, айқын жеңіске жеткіздік!...» деп келетін Фәтх сүресінің 

аятын оқыды. 

Сахабалардың бірі: "Уа, Расулаллаһ! Мүшріктермен арадағы келісім біз 

үшін жеңіске апарар жол болғаны ма?" - деп сұрады. 

Расулаллаһ: "Әлбетте, құдіретті Аллаһқа ант етіп айтамын, бұл келісім 

- міндетті түрде жүзеге асатын үлкен жеңістің бастауы", - деді де жолға түсті. 

Жолай сахабалардың бірі: 

"Бәйтуллаһты  тауап  ете  алмадық,  құрбан  малымызды  Қағбаның 

маңында  бауыздаған  жоқпыз.  Одан  қалса  мұсылман  болып  бізді  паналап 

келгендерді  Расулаллаһ  өз  қолымен  мүшріктерге  қайтарды.  Бұл  қандай 

жеңіс?" - деп ішкі күмәнін жеткізді. 

Пайғамбарымыз бұл сөзді жақтырмағанын білдірді де: 

"Худайбия келісімі - жеңістің нақ өзі. 

Мүшріктер  өз  мекендеріне  біздің  кіруімізге  рұқсат  берді.  Жай  ғана 

рұқсат емес, бас амандығымызға кепілдік алдық. 

Олар  бұрын  тыжырына  қарайтын  Ислами  ғұрыптарды  да  бірте-бірте 

сіздерден көріп, үйренеді. 

Аллаһ  сіздерді  жеңіске  жеткізеді,  барған  жерлеріңізден  аман-сау, 

табыспен оралуды әлі-ақ нәсіп етеді. 

Ұлы жеңіс деген осы емес пе?" - деп аяқтады. 

Сахабалардың  көңілі  жайланып,  "Аллаһ  пен  Оның  елшісінің  айтқаны 

хақ. Бұл келісім - жеңістердің ұлысы. 

Уа, Расулаллаһ! Біз сен сияқты ойламап едік. 

Алланың  әмірлерін  бізден  гөрі,  әрине,  Сен  нақты  білесің",  -  деп 

мойындады. 

Бір  айға  созылған  сапар  сәтті  аяқталды.  Пайғамбарымыз  асхабымен 

бірге Мәдинаға келгенде зилхижжа айы туған-ды. 



 

330




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет