Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет324/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Аллаһтың нәсібі

 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  Хайбар  қамалын  қоршауға  алған  сәтте 



мұсылман әскерлерге қарай қой айдап келе жатқан шопанға көзі түседі. 

Ол Хабашстандық қара нәсілділерден Иәсар есімді құл еді. 

Яһудилер  қара  құлды  олай  да-бұлай  да  жұмсап,  кемсітіп,  тіпті  адам 

санатына қоспайтын. 

Хайбар  сахаба  әскерлер  тарапынан  қоршалғанда  яһудилердің  арлы-

берлі  сапырылысын  ұқпаған  ол  біреуін  тоқтатып  тұрып  жөн  сұраған-ды. 

Яһудилердің  мұсылмандармен  шайқасқа  әзірленіп  жатқанын,  діттеген 

мақсаттары  -  өзін  өзі  пайғамбар  деп  жариялаған  адамды  өлтіру  екенін  естіп 

біледі. 

Аллаһ  Расулы  деген  сөзді  естігенде  Иәсардың  ішкі  дүниесі  алай-түлей 

сезімге  бөленіп,  кідіріп  қалады.  Не  де  болса  сол  Расулаллаһтың  өзімен 

кездеспек болған беті осы екен. 

"Сен  халықты  неге  уағыздап  жүрсің?"  -  деп  сұрайды  Иәсар. 

Расулаллаһ: 

"Мен  ұлы  Аллаһтың  соңғы  діні  -  Исламды  уағыздаймын.  Аллаһтан 

басқа  иләһтың  жоқтығына,  Мен  Оның  елшісі  екендігіме,  Аллаһтан  басқаға 

құлшылық етпеуге үндеймін", - деді. 

"Иманның қайтарымы не болмақ?" 

"Егер иман келтірсең жәннат сыйына кенелесің". 

Иәсар шын көңілімен бұл ақиқатты мойындап, мұсылмандығын жария 

етті. Бірақ ішкі күдігі сейіле қойған жоқ-ты. Себебі қара нәсілді құл, әрі кедей 

болғандықтан  ешқашан  құрметке  бөленіп  көрмеген.  Көңіліндегі  күмәнді 

ойын Расулаллаһқа жеткізді: 

"Мен  қап-қара  құлмын,  түрім  мынау  жыртық-жамау,  бет-әлпетімнің 

көріксіздігі өз алдына. Егер мен осыған қарамастан яһудилермен арпалысып, 

өлер болсам жәннатқа кіруім мүмкін бе?" - деп сұрады. 

Сүйікті Пайғамбарымыз Иәсар құлды жауабымен қуантты: 

"Әрине, жәннатқа кіресің". 

"Олай болса, мына аманат малды қайтем?" 

"Оларды таспен шөкеле де, иелеріңе қайтыңдар деп дауыста" 

Иәсар  пайғамбардың  айтқанын  орындады.  Қойлар  бейне  бір  ақылды 

мақлұқтарша иелеріне қарай бет алды. 

Иман  ләззатын  аяқ  астынан  татып  үлгерген  Иәсар  ендігі  жерде 

адамның  емес,  Аллаһтың  хақ  құлы.  Сахаба  жауынгерлерге  қосылып 

яһудилермен  шарпысып,  аянбай  шайқасты.  Ұрысқа  кіргеніне  бірнеше  сағат 

өткенде қамалдан лақтырылған тас жаза тиіп, сол жерде мерт болады... Иәсар 




 

348


бір  уақыт  намаз  оқуға  да  шамасы  келместен  тікелей  жәннат  төрі  бұйырған 

мұсылман атанды. 

Шейіт Иәсардың мәйіті шатырға әкелінді. Үсті жабық жатқан одан көз 

алмай 


қараған 

Расулаллаһ 

кенет 

бұрылып 


жүзін 

жасырды. 

Пайғамбарымыздың  әрбір  әрекетін  көзден  таса  қылмайтын  сахабалары  бұл 

жолы да: 

"Уа, Расулаллаһ, неліктен теріс бұрылдыңыз?" - деп сұрайды. 

Пайғамбарымыз мұның мәнісін былай баяндады: 

"Шейіт  жан  тәсілім  берген  сәтте  жұмақтан  екі  хор  қызы  келіп  оның 

үсті-басының  шаңын  қағып,  "Аллаһ  сені  шаң-тозаң  еткендердің  жазасын 

берсін! Сені өлтіргеннің жанын алсын", - деді. 

Мына  Иәсар  да  маңдайы  бір  рет  сәждеге  тимесе  де  Аллаһтың  керемет 

сыйына ие болды. 

Екі хор қызы басына жақын келгенін көрдім". 

Ғибрат  алғанға  бұл  оқиға  да  көп  нәрсені  ұқтырса  керек.  Аз  да  болса 

ықыласпен жасалған амал мәңгі бақытқа, соңсыз сыйға кенелтеді. 

Не  жағдай  болсын,  мұсылманның  сөзі  мен  ісінің,  ниетінің  негізі 

ықыласқа сүйенуге тиіс. 

Мәселенің  екінші  жағы,  пайғамбардың  иманға,  Исламға  шақыруда 

адамдарды  түр-түсіне,  үрдісіне,  ахуалына  қарап  ажыратып  жатпағандығы. 

Ұлты,  жұрты,  нәсілі  кім  де  болса  ықыласпен  уағыз  айтып,  бақилық  бақытқа 

жөн сілтеу - пайғамбар үмметтерінің де міндеті. 

Он  күнге  созылған  шайқастың  соңы  яһудилердің  пайғамбардан  бейбіт 

келісімге келуді талап етуімен аяқталды. Пайғамбарымыз олардың ұсынысын 

қабылдап төмендегідей мәміле жасалды. 

1) Аман қалған яһудилерді өлтірмеу. 

2) Хайбардан бала-шағаларымен бірге шығып кетуге рұқсат беру. 

3)  Әрқайсысы  бір  көлікпен  (ат  не  түйе)  ғана  тиесілі  мүліктерін  алып 

шығады. 

4)  Қалған  жылжитын,  жылжымайтын  мүліктері,  қару-жарақ,  сауыт-

сайман және киім-кешек түгелдей Расулаллаһқа беріледі. 

5)  Дүние-мүлкін  жасырып  қалғандар  Аллаһ  және  РасулАлланың 

қорғауынан мақрұм қалады. 

Шарттар  екі  жақты  келісіліп,  яһудилер  кетуге  әзірленіп  жатады. 

Үйреніскен  жерден  қоныс  аудару  оңай  ма,  яһудилер  ойласып  пайғамбарға 

мынадай ұсыныс жолдайды: 

"Біздің  малымыз,  мүлкіміз  мол.  Оны  күтіп-баптауды  да  бізден  артық 

білер жан жоқ. Хайбарда қалуымызға рұқсат берсең..." 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  сахабалармен  қайта  кеңесіп,  яһудилердің 

ұсынысын 

қабылдайды. 

Жыл 


сайын 

пайда-түсімнің 

жартысын 

мұсылмандарға  беру  шартымен  яһудилер  Хайбарда  қалады.  Алайда 

пайғамбар қалаған уақытында бұл келісімді бұзуға құқылы еді. 

Жылда  өнім  жинайтын  маусымда  Аллаһ  Елшісі  (с.а.у.)  Хазіреті 

Абдуллаһ  ибн  Рауаханы  Хайбарға  жіберетін.  Әділетті  сахаба  Абдуллаһ  ибн 



 

349


Рауаха  өнімді  тұп-тура  екіге  бөліп,  яһудилерге  қалаған  бөлігін  алуға  ерік 

беретін. Яһудилер мұсылман өкілінің әділдігіне қайран қалып: 

"Осы  әділеттің  арқасында  жер  мен  көк  орнында  тұрған  шығар",  -  деп 

бас шайқасатын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет