Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет359/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

елді тура жолға салмайды. 

Олардың  салған  мешіттері  олар  өлгенге  дейін  үнемі  көңілдерінде 

күдік болған бойда қалады. Аллаһ толық білуші, хикмет иесі". 

Уахиды  алған  Пайғамбарымыз  Малик  ибн  Духшум  мен  Асым  ибн 

Адийді шақырып, бұйырды: 

"Халқы 


залым 

мешітке 


барып, 

оны 


қиратып, 

құлатыңдар!" 

Пайғамбардың  бұйрығы  сол  сәтте  орындалады.  Сөйтіп  Құранда  зиянды 

мешіт деп сипатталған ғимараттың күлі көкке ұшты. 

 

ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗ БОЛУЫ

 

Осы  жылдың  басты  жаңалығы  -  Исламның  бес  шартының  бірі  - 



қажылықтың парыз болуы. 

"Адамдарға  арнап  тұрғызылған  тұңғыш  құрылыс  -  Меккедегі  мүбәрак 

әрі күллі әлемге тура жолдың тірегі болған - Қағба. 

Онда  Ибраһим  пайғамбардың  орны  бар.  Кімде-кім  сол  жерді  паналаса 

бәле-жаладан аман болады. 

Азығы  мен  мініті  бар,  жол  шығынын  көтере  алатын  әрбір  адамның 

Қағбаны  зиярат  етіп  (қажылық  жасауын)  Аллаһ  Тағала  парыз  қылған  соң 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): 

"Уа,  жамағат  қажылық  сіздер  үшін  парыз  болды,  қажылық 

жасаңыздар", - деді. 

Сахабалардың: 

"Жыл  сайын  жасауға  міндеттіміз  бе?"  -  деген  сұрағы  әуелде  жауапсыз 

қалды. Үш рет қайталанған соң ғана Аллаһ Расулы: 

"Жоқ,  жыл  сайын  қажылық  жасау  міндетті  емес.  Бұған  күштеріңіз 

жетпес...", - деп жауап берді. 

Қажылық  Аллаһ  тарапынан  парыз  қылынған  соң  пайғамбарымыз 

Меккені  -  қасиетті  Қағбаны  зиярат  етуге  ниеттенді.  Бірақ  бұл  ниетін  жүзеге 

асыруға  асықпады,  себебі  Бәйтуллаһты  әйелі-еркегі  аралас  жалаң  аяқ, 

жалаңбас, кейбіреуі жалаңаш тауап етуі мүшріктердің дәстүрі - тұғын. Соны 

өздерінше  Қағбаға  құрмет  санайтын.  Пайғамбарымыз  осы  бейәдеп  әдет 

тыйылғанша қажылық жасамауды абзал көрді. 

Пайғамбарымыз  мұнан  соң  мұсылмандарды  қажылық  үшін  бастап 

баруды  Хазіреті  Әбу  Бәкірге  тапсырады.  Үш  жүз  мұсылманнан  құралған 

тұңғыш  қажылар  тобы  Меккеге  жол  тартты.  Олар  кетісімен  Тәуба  сүресі 

түсіп,  Аллаһ  Расулы  (с.а.у.)  сахабаларына  оқып  береді.  Жаңа  түскен  сүрені 

қажыларға  да  таныстыру  керектігін  түсінген  Расулаллаһ  Хазіреті  Әлиге 

қажылыққа  аттанған  топты  қуып  жетуге,  Тәуба  сүресін  қажылықта  құрбан 

кесуге  жиналған  халыққа  оқуға  бұйрық  береді.  Хазіреті  Әли  Хазіреті  Әбу 

Бәкір тобымен жарты жолда кездеседі. Аман-сау Меккеге келген соң Хазіреті 



 

394


Әбу  Бәкір  қажылық  тәртібін  түсіндіріп  хұтба  оқиды.  Реті  келгенде  Хазіреті 

Әли өзіне жүктелген міндетті орындайды. Сөзінің аяғын: 

"Мен төрт мәселені ашық жариялауға келдім: 

Бірде бір кәпір жұмаққа кіре алмайды. 

Мұнан былай бірде бір мүшрік қажылық жасамайды. 

Қағбаны жалаңаш тауап етуге қатаң тыйым салынады. 

Кімде-кімнің  Расулаллаһпен  келісімі  болса,  мерзімі  біткенше  шарт 

сақталады. 

Төрт  ай  уақыт  беріледі,  сонан  соң  мүшрік  атаулы  қамқорлықтан 

дәметпесін", - деп аяқтайды. 

Осы  сөздерді  Хазіреті  Әли  мен  оған  ере  келген  Әбу  Хурайра  жиі-жиі 

халыққа ескертеді. 

Қажылықтарын  өтеп  Хазіреті  Әбу  Бәкір  бастаған  сахабалар  аман-есен 

Мәдинаға оралады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

395


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет