Көптен асыға күткен сәт
Уахи әкелуші періште - Жебірейіл тас түнек қараңғылықты жарып,
сымбатты жігіт бейнесінде айналасын нұрға бөлеген қалпында Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) көрінді. Тәтті әрі қатты даусымен:
"Оқы!", - деп бұйырды.
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бойын үрей биледі. Сонан соң бойын
жинап:
"Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін!", - деді.
Жебірейіл Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) қатты құшағына қысты да,
қайтадан:
"Оқы!", - деп дауыстады.
Екі дүниенің сәруары - Мұхаммед (с.а.у.) алдыңғы жауабын тағы да
қайталады.
- Мен оқи алмаймын!
Жебірейіл Оны (с.а.у.) тағы қатты құшақтап, сосын қоя берді де, Аллаһ
тарапынан жолданған, Расулына қолма-қол табыстауға әкелген Алақ
сүресінің алғашқы аяттарын басынан аяғына дейін оқып шықты:
Достарыңызбен бөлісу: |