сырқаудың ахуалын сұрау оның күнделікті әдеті еді. Кеңпейілділігіне қарап
жүретін немересі Мұхаммедті (с.а.у.) қайда барса қасынан тастамай алып
54
жүреді. Еркелетіп жетімдігін сездірмеуге тырысатын. Тіпті онымен
үлкендерше сөйлесіп, жиын-тойларда әлдеқалай бір мәселе туындай қалса
Хазіреті Мұхаммедпен кеңесіп шешетін. Көптің көзі көреген емес пе, мұны
да жұртшылық сезбей қалмаған.
Қағбаның төрінде құрайыштардың басшысы Әбдімүттәліптің арнайы
орны бар еді. Өзге түгіл өз балалары да отыруға батпайтын осы орынға бала
Мұхаммедті (с.а.у.) атасының өзі отырғызатын. Жайшылықта туған
балаларын
құшағына
алмайтын
Әбдімүттәліптің
немересіне
деген
сүйіспеншілігі шексіз. Кейде ағалары Мұхаммедті (с.а.у.) төрден тұрғызбақ
болғанда:
"Тимеңдер, төр - соныкі. Абдуллаһтан қалған жалғыз тұяғымның орны
келешекте дүниенің төрі болмақ. Әлі-ақ көрерсіңдер", - деп немересін қасына
алып, арқасынан қағып, ойға бататын.
Әбдімүттәліпті оятуға да Мұхаммедтен (с.а.у.) басқаның батылы
жетпейтін. Атасының бөлмесіне одан өзгелер рұқсатсыз кіре алмайтын.
Бір күні Әбдімүттәліп сүйікті немересін жоғалған түйелерін іздеуге
жібереді. Мұхаммед (с.а.у.) біраз кешіккен соң атасы адасып кетті ме деген
оймен тағатсыздана бастайды. Уайымдағаны сондай, Қағбаға барып:
"Құдіретті, күшті жасаған ием! Мұхаммедіммен тезірек қауыштыра гөр!"-
деп жалбарынады.
Арадан көп өтпей-ақ Мұхаммед (с.а.у.) түйелерді айдап келіп қалады.
Әбдімүттәліп жанары жасқа толып: "Жалғызым, жаным. Сен үшін жанымды
беруге әзірмін. Мұнан былай жалғыз өзіңді ешқайда жібермеспін", - дейді.
Расында да, абзал ата нұр немересін өле-өлгенше қасынан бір елі
шығармаған.
Достарыңызбен бөлісу: