Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет55/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) қой да баққан

 

Хазіреті Мұхаммед он жаста... 



Ойланып-толғанып көкесі Әбу Тәліпке: 

"Сіздің  қой-ешкіңізді  мұнан  былай  мен  бағайын,  бөлек  бақташы 

жалдап  қажеті  жоқ",  -  дейді.  Әрине,  Әбу  Тәліп  бұған  алғашында  қарсы 

болды.  Үйтіп-бүйтіп  оны  әрең  көндірдім-ау  дегенде  Фатима  наразылығын 

білдіреді: 

"Ботам-ау,  сенің  табаныңа  қадалар  шөңге  менің  маңдайыма  кірсін  деп 

күндіз-түні  тілеуіңді  тілеп  отырғанда,  бұл  не  дегенің?  Қалайша  сені  дәтім 

шыдап шыжыған шөлге қоя берем? Жоқ, балам, болмайды бұлай. Алтыным-

ау, саған қой бақтырып үнемдегенше, қайыр тілеп кеткенім көп артық", - деп 

шала бүлінді. 

Бірақ,  Хазіреті  Мұхаммед  те  айтқанынан  қайтпады,  тәтті  тілімен 

түсіндіріп  жүріп,  анасының  да  бұл  іске  ризашылығын  алды.  Сол  күннен 

бастап  Ол  таңертең  ертемен  азын-аулақ  қой-ешкіні  айдап  өріске  шығып 

жүрді. Сөйтіп, онсыз да тұрмысы нашар көкесіне бақташы жалдатпай, көмек 

қолын  созды.  Әрі  оңашада  жер  мен  көктің  сырын  сыналай  сүзіп,  ойлануға 

мүмкіндік  тапты.  Табиғаттың  тамашаларын,  оны  Жаратушының  ұлылығын 

жай  көріп  қана  қоймай,  астарына  үңілетін,  ләззат  алатын.  У-шуға  толы, 

өтірік-өсек,  алдап-арбау,  бір  сөзбен  айтқанда,  нәпсіқұмарлық  жайлаған 

жамағаттан ұзақ жүргеніне қуанған. 

Мүбәрак


(Қайырлы 

берекелі)

  өмірінің  бір  жылын  қой  бағуға  арнаған 

пайғамбарымыз,  Аллаһ  тарапынан  елшілік  міндеті  жүктелгеннен  кейін 

асхабымен бірге  табиғат аясына демалуға шыққанда жабайы  жеміс жинамақ 

болады. Сонда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сахабаларына: 

"Әбден қарайғанын алыңыздар, сонысы тәтті болады", - дейді. 

Асхабы: 


"Бұл  жемістің  тәттісін-ащысын  шопандар  жақсы  біледі.  Сіз  де  қой 

баққансыз ба?" - деп әзілдейді. 

Сахабаларының бұл әзіліне пайғамбарымыз: 

"Бұл 


дүниеге 

жіберілген 

пайғамбарлар 

ішінде 


шопандықпен 

айналыспағаны жоқ", - деп күлімсіреп жауап береді. 

Тағы бірде осы мәселеге оралғанда Хазіреті Мұхаммед былай деген: 

"Мұса пайғамбар (а.с.) боп келді, қой бақты. Дәуіт те (а.с.) солай. Мен 

де пайғамбар ретінде жіберілдім, қойшы да болдым". 

Құранда  ең  жоғары  адамгершіліктің  үлгісі  деп  сипатталатын  Аллаһ 

Елшісі  небары  он  жастағы  бала  болса  да,  пайдалы  іс  істеуге,  өзгеге  жүк 

болмауға 

тырысқан. 

Ғибрат 


аларлық 

жайт. 


Өмірдегі 

қарапайым 




 

59

жағдайлардан  әрдайым  сабақ  болардай  нәтиже  шығару  -  ардақты 



Пайғамбарымыздың өнегелі ісі. Төмендегі сөзі де соның куәсі. 

"Бәріңіз  -  шопансыздар,  яғни  қарамағыңыздағыларға  жауаптысыз. 

Мемлекет  басшысы  еліне  жауапты.  Әр  адам  бала-шағасын  асырап-бағуға, 

қамқор  болуға  міндетті.  Әйел  (күйеуінің)  отбасына  жауапты.  Қызметшілер 

қожайынының  мал-мүлкінің  қорғаушысы.  Әрбір  кісі  әкесінің  мирасына 

жауапты. Жалпы жауапкершіліксіз жан жоқ". 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет