Дамыта оқыту технологиясы



Дата26.09.2024
өлшемі3,48 Mb.
#205161
Байланысты:
Ходжанова Камила 1504-24

Дамыта оқыту технологиясы

Орындаған: Ходжанова К.

Қабылдаған: Шитыбаев С.

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Дамыта оқыту технологиясы

    2. Негізгі бөлім

  • Дамыта оқыту белгілері мен маңызы
  • Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологияларын салыстыру
  • Дамыта оқыту әдістері
  • Дамыта оқытудың нәтижелері мен артықшылықтары
  • 3. Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В.Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау

Дамыта оқыту белгілері:


1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы – тығыз байланыста
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

Дамыта оқытудың маңызы:


Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті

Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологияларын салыстыру


Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама пайдаланылса
ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады
Дамыта оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқыту технологиясы
  • Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқараста

  • ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген
  • дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
  • Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға бағытталса

Дамыта оқыту әдістері


Топтық жұмыс
    • Ынтымақтастықтың маңызы: Оқушылар бірлесіп жұмыс істеп, идеяларды бөліседі, проблемаларды бірге шешеді.
    • Мысал: Химиялық реакцияларды зерттеу (мысалы, натрий мен хлордың реакциясы).

Жобалық әдіс
    • Теория мен практиканың ұштастырылуы: Оқушылар теориялық білімдерін нақты жобаларда қолданады.
    • Мысалы: «Экологиялық проблемалар» жобасын орындау. Оқушылар жергілікті экологиялық мәселелерді зерттеп, шешімдер ұсынады.

Проблемалық оқыту
Шешім іздеу әдісі: Оқушыларды нақты мәселелерді шешуге тарту.
    • Мысалы: «Ауа ластануының химиялық әсерлері» тақырыбында мәселелерді талдау.
    • Химиялық құбылыстарды талдау (мысалы, қышқылдар мен негіздер арасындағы реакциялар).

Дамыта оқыту әдістері


Зерттеу жұмыстары
Тапсырма: Оқушылар жергілікті су көздерінің сапасын зерттеп, рН, минералдар құрамын анықтайды.
    • Мақсат: Зерттеу нәтижелерін салыстыру және қорытынды жасау.

Кейс студия
Тапсырма: Оқушылар химиялық өндірістегі қауіпсіздік шараларын талдайды.
    • Мақсат: Кейс бойынша қауіпсіздік шешімдерін ұсыну.

Синтез тапсырмасы
Тапсырма: Оқушылар белгілі заттардан (мысалы, натрий мен хлордан) жаңа қосылыс құрастырады.
    • Мақсат: Химиялық реакциялардың практикалық мысалын көрсету.

Нәтижелері мен артықшылықтары


Оқушылардың белсенділігін арттыру:
Оқу процесіне белсенді қатысу арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.
Критикалық ойлауды дамыту:
Оқушылар мәселелерді терең түсініп, шешім қабылдау қабілеттерін дамытады.
Коммуникациялық дағдыларды жетілдіру:
Топтық жұмыстар мен пікірталастар арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдылары жақсарады.

Қорытынды:

  • Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес,танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып,шығармашылығын дамытады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • 1. Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. М., 1996.
  • 2. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері/ Психологиялық ғылым және білім беру №1/ 2003ж
  • 3. Занков Л. В. Дамыта оқыту жүйесі. М., 2013.
  • 4. Выготский Л. С. Педагогическая психология. — М.: Педагогика, 1991. — С. 374.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет