Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру



бет44/48
Дата07.02.2022
өлшемі141,84 Kb.
#86367
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
танымдық оқиға

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам тікелей әсер етеді. Себебі, адам, 
табиғат, қоғам- біртұтас дүние. Адам, табиғат қоғамның өзара бірлікте дамитынын
балаларға өнер арқылы түсіндірген дұрыс. Дүниені біртұтас қабылдау нәтижесінде бала 
санасында білім қоры жиналып, ой –өрісі кеңейеді.Жеке тұлғаның тұтас даму үрдісінде 
әлеуметтік орта мен тәрбиелік тәжірибе ерекшеліктеріне орай, оның дербес өмірлік 
белсенділігінің арқасында дүниетаным көлемі де тереңдеп арта бермек. Сонымен бірге 
жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына қоғамның рухани мәдениетінің даму 
деңгейі мен салт санасы ықпал етеді. Адам баласы сыртқы дүниедегі барлық құбылысты 
сезіне білуі дүниетанымының шексіздігінде. 
Халқымыз қыздарды қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басуға, сырмақ сырып, киіз 
үйдің ішкі – сыртқы керек – жарақтарын әзірлеуге, шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасап, 
кілем тоқуға, алаша тігуге, ши, кесте және шілтер тоқуға, киім тігуге баулып отырды. Осы 
айтылғандардың бәрін дерлік ою- өрнектермен безендіріп, әшекейлі етіп жасалатын 
болғандықтан, жасаушыдан ерекше талғампаздықты,нәзік икемділікті, жоғары эстетиклық 
талғамды талап ететіні күмәнсіз. Осылайша қыз баланың ерекше эстетикалық дүниетанымы 
қалыптасады. 
Балабақшада сәндік – қолданбалы өнерді түсінуінің ерекше мәні бар. Өйткені бұл 
жастағы балалар түр – түсті, үндерді тез қабылдап, меңгереді. Осы қабілеттерді оқу – тәрбие 
үрдісінде пайдалану қажет. 
Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері талай жұртты таңғалдырып, тамсандырған. Өнер 
туындылары қазақтың тұрмысына ерекше әр берген. Бала әрқашан өнерге бейімделуді сурет 
салудан бастайды. Мұның тәрбиелік рөлі де айқын. Бейнелеу өнерінде өмір шындығы, 
айналаны қоршаған дүние, оқиға образды түрде қайта жасалып көрінеді. Бейнелеу өнерінің 
кереметтігі өмірдегі бар бояу түрінің байлығын ашып, өзіне тән ерекшелікті 
айқындайтындығында. Бейнелеу өнерінің құдіреттілігі – көрушіге ерекше ықпал етуінде. 
Сондықтан оның эстетикалық тәрбие берудегі көмегі шексіз. Баланы қоршаған ортадағы 
дүниедегі, табиғат көрінісіндегі әдемілік пен сұлулықты танып, сезе білуге үйретуде, жалпы 
сезімталдыққа, тәрбиелеуде бейнелеу өнері үлкен орын алады. 
Бала өзінің жүйелі түрде оқуын іске асыру барысында өзінің психикалық қабілетін 
жетілдіруге, яғни қиялдау қабілетін дамыту мүмкіндігіне ие болады. 
Әрине, қайта құру, яғни қиялдау, елестету қабілеті балаларда бірдей бола бермейді. 
Балалардың өмірдегі, өнердегі әдемілік пен сұлулықты көре көре, сезіне алуы әртүрлі 
деңгейде. Сондықтан балабақшада жүргізілетін тәрбие баланың этика – эстетикалық 
мәдениетін, патриоттық сезімін, азаматтығын көтеруден басталуы тиіс. 
Баланың өмірде өз орнын таба алатын және еліне пайда әкелетін қоғам мүшесі, 
қалыптасқан тұлға боуы үшін балабақшадағы сурет салу үлкен мәнге ие. 
Баланың дүниетанымын қалыптасыруға оның әдемілік пен тұрпайылық эмоциялық 
сезінуі санасында, тәртібі мен мінезінде іс – әрекетін, зұлымдық пен мейірімділікті, 
жексұрындық пен жақсылықты сезінуі жатады. Өз сезімін өзі билеп, басқара білу де 
эстетикалық мәдениет белгісі. Айталық, нақты заттың бейнесін жұмыс үстінде бала сол 
заттың пішін – құрылысымен танысады, оның дүниедегі салмағы, алатын орны, мәні, түр – 
түсін қарап білуге үйренеді. Зат жөнінде жаңа бір түсінік пайда болып, олардың шындығы 

100 
100 



мен құбылысы туралы ұғым қалыптасады. Балалар әсіресе кішірек кезінде сурет салғыш 
болады. 
Сурет арқылы қолөнермен танысып, дүниетанымын тереңдетеді, өздерінің ойын, 
айналасында көргенін суретпен бейнелеп көрсеткісі келеді. Сонымен бірге бала өзі салған 
суретіне өзі қуанып, екінші біреумен бөлісікісі келетін сезім пайда болады. 
Қол еңбегі алуан түрлі картоннан қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, 
емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, 
жүн, мата қиқымдарын, темір – терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық 
шаруашылыққа қажетті бұйымдарын жасау жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті 
ойыншықтар, киіз үйдің сүйектерін жасап бояйды, үй жиһаздарын, ұлттық киім үлгілерін 
пішін тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды.
Қол еңбегі балалардың құрастыра білу, ойлап шығару қабілетін, шығармашылығын, 
қиялын дамытады. Жасалған зат берік, әдемі, сәнді болу үшін бала табандылық, 
шыдамдылық, ұқыптылыққа ұмтылады. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен 
әсер етеді де, олардың эстетикалық сезімі мен адамгершілік – еріктік қасиеттерін 
қалыптастырады. 
Жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген 
дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу кере: 
-Ата – баба дәстүріне, әдет – ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар 


жинап, оны бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру; 
-дәстүрлі еңбек тәрбиесін кешенді жүргізу мақсатында тиімді әдіс – тәсілдерді 


меңгеру; 
-Отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы 


дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу; 

-Тәрбиешінің баланың жекебасының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік 

сипатын жете білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес 

жүргізуі; 

- Балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне баулитын ғылыми- әдістемелік 

құралдармен, түрлі дидактикалық көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен 

қамтамасыз ету. 
Соңғы жылдарда адам баласының өз ерекшелігі және мүмкіндігін зерттеумен көптеген 
ғылым саласы шұғылдануда. Осы бағытта балалық шаққа тән жетілуге керекті мүмкіндіктер 
туралы көптеген педагогтер мен психологтардың, философтардың айтқанына қарасақ, 
әсіресе осы балалық кезеңге тән адам баласындағы құпиялық күштің көп екендігін атап 
көрсетеді. 
Бала кіші кезінде дүниені көркемдеп көруге ең жоғары фантазия түрінде сезіну мен 
қиялдауға икем болатыны да және олардың бірден көзге түспей, тұмшаланып тұратындығын 
да айтқан болатын. Сол себепті де баланың сәнді қолөнеріне баулуының негізінде олардың 
сурет салғыштығын, суретке ынтығуын қолдап, қоштап отыру, біріншіден, оның жалпы өнер 
саласындағы мүмкіндігін қоштау, оған жол ашып отыру керек. 
Мен өз жұмысымда оқу-іс әрекетінен тыс уақыттарда балалардың қолдарына қағаз бен 
қарандаш беріп өз бетінше сурет салуды ұсынамын . Балалар өз қалауларымен қызыға 
қағазға бірдеме салуға әрекет етеді.Ол сызған парақты үйіне алып ата-анасына көрсетіп 
мақтанғысы келеді.бұл жағдайат өз практикамда күнделікті кездесетін жайт. 
Көптеген мамандар балалар екі жастан бастап қолына қағаз, қалам алып, әртүрлі ирек 
сызық шимайлай бастайтынын айтады. Баланың осы әрекеті көбіне ата – аналары, үйдегі 
үлкендердің жұмысы қағаз, қарындашпен байланысты болып, бала үйде жалғыз- сызғанды 
көп көріп өссе ғана әуес болады дегенді айтады. 

101 
101 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет