Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы: Рауан,
1998
2.
Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. Алматы: «Рауан», 1992.
3.
Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы: Білім,
1990.
БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУГЕ НАҚТЫЛАНҒАН ӘДІСТЕР
Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің
ШТ-14-1 тобының студенті Адыканова Диана
Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері
болып табылады. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету,
шығармашылық қабілетін дамыту. Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер
қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай
тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру ізденгіштік
қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты.
Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын
өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау
дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми
жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде
құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы
принциптерді жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым –қатынастарында және
педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады. Педагогикалық
технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Оқыту технологисы оқыту
мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз
ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Педагогикалық
технологиы үш аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды –сипаттамалы, процессуалды –
әрекеттік. Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын
зерттеуші ғылыми ретінде, принциптер мен зерттеуші қызметін атқарады. Баланы
қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді,
өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін –өзі ұстай білуі,
байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу,
сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық
мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып
табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды
түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы, кешенді бірлігін айтуға болады.
Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы
102
102
В. П. Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Б. Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу
үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін
бірліктердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.
Қазақстандағы Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бастауыш саты – оқушының интелектілік
дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына
жеткенімен, олардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не
нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан да
сабақта көрнекіліктерді, ойын элементтерін қолданып оқыту процесін қызықты
ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: «Ойын арқылы
оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан оқыту
технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы », «Дамыта оқыту технологиясы»
Достарыңызбен бөлісу: |