Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі — берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі — жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Психикалық дамудың ерекшеліктері
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді.
Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», — деп өз ойын білдірген болатын.
Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, — деді.
Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады :
Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.