Дамудың туа біткен ақаулықтары туралы түсінік



бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі22,02 Kb.
#197581
  1   2
Байланысты:
тератоген


Эмбриогенез құбылысының қалыпты жүруінің бұзылуы әр түрлі ақаулықтарға алып келеді, оларды дамудың туа біткен ақаулықтары деп атайды. Дамудың туа біткен ақаулықтары немесе даму ақаулықтары деп ағзаның қалыпты құрылысының морфологиялық бұзылуын атаймыз. Адамның туа біткен ақаулықтарын зерттейтін ғылымды тератология деп атайды. Ғылыми деректерге қарағанда, қазіргі кезде өркениетті елдер тұрғындарының, әсіресе жас балалардың сырқаттануы мен қайтыс болуының басты себептерінің бірі ретінде адамдардың туа біткен ақаулықтары саналады.

  • Дамудың туа біткен ақаулықтары туралы түсінік

Дамудың туа біткен ақаулықтары – жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі себептерге байланысты ақыл естің кемістігі және дене кемістігіне, не өлімге алып келетін ағзаның құрылысының, қызметінің және биохимиялық өзгерістері. Тератогенез – туа біткен ақаулықтарды, кемістіктерді зерттейтін ғылым. Дамудың туа біткен ақаулықтары негізінен ұрықтық дамудың бұзылуы нәтижесінде немесе сирек, туылғаннан кейін кейбір мүшелердің әрі қарай қалыптасуының ауытқуы салдарынан пайда болады. Адам ақаулықтарын зерттейтін ғылымды тератология деп атайды.
Даму сатысында туа біткен ақаулықтардың бірнеше типтері кездеседі:

  • Гиперплазия – қандай да бір ұлпаның немесе мүшенің жасушасының шамадан тыс үлкен болуы. Нәтижесінде белгілі бір мүше қалыптан асып дамиды. Қазіргі таңда гиперплазия көптеген ауру анамалиясы болып кездеседі.

  • Аплазия – анамальдық ауру, белгілі бір мүшенің немесе мүше бөлігінің болмауы.

  • Гипоплазия – ұлпаның, мүшенің, дене бөлігінің, тіпті бүкіл дененің толық жетілмеуі. Бүкіл дененің гипоплазиясы микросомия немесе нанизм деген атау алады. Гипоплазияның кең тараған түрі – жеке мүшелердің толық жетілмеуі. Мысалы, эмальдық гипоплазия тіс бетінде ақ-сары нүкте, қара сызық ретінде көрінеді. Кейбір кезде тістің жартылай түзілісі байқалады; Горлин-Гольц синдромы – тұқым қуалайтын ауру. Мұндай гипоплазияның белгілері: гиперпигменттік тері, тырнақтың дистрофиясы, гипотрихоз, көздің анамалиялық дамуы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет