Қызықты деректер:
«Сэнк Порт» кемесі Селькирк айтқандай теңізге батып, апаттан тірі қалған экипаж мүшелері испаниялықтардың тұтқынына түседі.
Александр Селькирк аралда 4 жыл, Робинзон Крузо болса, 28 жыл өмір сүреді.
Робинзон Крузо аралда түрлі шытырманға тап болып, рухани жаңғырып, оқиға соңында кемелденген адам болып шығады. Ал, Александр Селькирк, керісінше, жалғыздықтан жабайы адамға айналып кете жаздайды.
Мас-а-Тьерра аралының атауы 1966 жылдан бастап Робинзон Крузо деп өзгертілді.
Александр Селькирктің құрметіне аталған тағы бір арал Мас-а-Тьеррадан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
Британиялық археологтар Александр Селькирктің тұрағы болған жер мен лашығын 2008 жылы тапты.
Қазір Мас-а-Тьеррада бірнеше елді-мекен бар. Жалпы саны 700-ге жуық адам өмір сүреді.
Дүние жүзіне «Робинзон Крузо» романының авторы ретінде әйгілі. Романда сипатталған оқиғаның шынайы негізі бар. Дефо «Робинзон Крузо» романын, 1713 жылы ағылшын журналдарының бірінде журналист Ричард Стиллдің адам тұрмайтын аралда төрт жыл тұрған матрос Алксандр Селькирк туралы мақаласын оқығаннан кейін жазуды ұйғарды.
«Афина Меркурий» газетінде бірнеше саяси памфлет 1701-1707 жылдары басылып шығарылған. Таза қанды ағылшын помфлеті оны бүкіл Англияға мәжһүр етті.
Памфлекті Вильгельм ІІІ - ші ақын (ақсүйектер оны тақтағы жат елдік деп атады) авторды марапаттады. Лондондық Ситидің қайраткерлері оны өздерінің туысы әрі ортақ мүдделерін лордтардың қол сұғуынан қорғаушысын көрді.
Дефоның «Десентерлерді жазалаудың қысқа жолы» аты памфлеті авторға үкіметің наразылығын туғызды. (Вильгельм бұл уақытта қайтыс болған еді), ол ресми ағылшын шіркеуінің үстінен күлген сатирикті жазалауды жөн деп санады. (Дефо пуритандық болды). Жазушы астыртын жағдайға өтті. Билік оған іздеу жариялады.
Әрине, Дефо көп ұзамай табылып түрмеге қамалды, содан соң бұғауланып масқаралайтын бағанға байланды. Жазушы «Масқара бағанға гимнмен» жауап берді, оның «масқарасы» зор жеңіс болды.
Королева Аннаның министрі Роберт Харли Дефоның талантты қаламын өз мақсаттарына жету үшін пайдалануды ұйғарды. Жазушы босатылды. Оған өзінің «Француз істерінің толуы» атты өз газетін шығаруға рұқсат берді.(Англия бұл уақытта Франциямен бәсекелесіп жатқан болатын. Дефо өз ұстанымының тәуелсіздігі көрінісін ғана сақтай отырып, сонда да бала үкіметте адал қызмет еті, одан ол материалдық көмекте алып тұрды. (әрине жанын қинамастан).
«Робинзон Крузо» романы буржуазиялық ағартушылық идеясының өзіндік энциклопедиясына айналды. Еңбек пен оптемизм шабытына тола ол әлемдік әдебиетке тек ересектерге ғана емес балаларға да әйгілі кітап ретінде енді. Ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және де көптеген еліктеулерді туғызды.
Кітаптың басқы беті көрсетіп тұрғандай, жазбаның авторы әдебиетші емес, теңізші болды, сондықтан кез - келген поэтикалық нәзік тұстар оған тән емес еді. Әңгіме сипаттамаларында барынша қатал әрі жұтаңдау болуы тиіс болды, әйтпегенде оқырмандар өтірікші бірден танитын еді. Дефо осы авторлық бағдарламаға өте мұқият қарайды. Оның жазу стилі өте қатаң, дәлме - дәл, әрі ақындық баямалардан аулақ.
Робинзон сезіммен айта алмайды, оған сезімге қатысты бір нәрсені айту керек болса, ол оған дәрменсіз болып қалады: «Мен өзімнің жан дүниемнің қаншалықты толқулы екенін сипаттап беруге қабілетсізбін» немесе «оның маған тигізген әсірін сипаттап беру мүмкін емес: бір сөзбен айтқанда автор сезімдер қиялында жасап шығуды, сол оқырманның өзіне қалдырады».
Дефо заманындағы идеялар тұрғысындағы Робинзонның қызметшісі әрі досы болып қалған жабайы – бала Жұманың образы өте қызықты. Жұма – бұл Робинзонның сөзімен айтқанда «табиғаттың перзенті», өркениет мектебінен Робинзонның басшылығымен өтті.
Робинзонда заттарға деген сергек те нық сенімді көзқарас бар. Ол үмітсіздікке берілмейді. Оның барлық ойлары оны жағдаяттар тастаған барлық қиын ахуалдардан шығуды іздеуге келіп тоғысады және де ол ондай шығатын жолды тауып, шағын жатады да рухтың қуанышымен рахатына бөленіп жатады.
Дефоның кітабы әлем кітаптарының арасындағы ең сергек, ең өмірді сүйгіш кітап болар. Оны балалардың өте қатты жақсы көрері бекер емес. Балалар әрқашан да оптимистер. Олар жолы болмайтындарды мүлдем ұнатпайды. Олар өздерінің қаһармандарының жеңіске жетеді ғой, бәрі де қуаныш пен бақытқа бөленеді ғой деген шарты болған жағдайда ғана олардың бастарына түскен қауіп-қатерлерді мұқият бақылап отырады.
Дефоның романдары («Молль Фландерс», «Капитан Сингльтон», «Полковник Шахтың хикаясы» және т.б.) да өзіндік робинзониалар болып табылады, мен ондағы оқшауланған индивид, жалғыз адам дұшпандық ниеттегі адамдар ортасында, қоғамға тап болады. Бұл романдардың қаһармандары қылмыстық әлемнің адамдары.: Маль Фландерс ұры әрі жезөкше әйел, капитан Сингльтон – теңіз қарақшысы, полковник Жак ұры. Бірақ бұлардың бәрі де соңында игілікке қол жеткізеді. Джек полковник болады, Мооль Фландерс – ауқатты әрі мейірімді ханымға айналады. Сингльтон болса, өзіне жетерліктей ақшаны тапқаннан кейін қарақшылық кәсібін қойып, ізгі ниетті, әдепті азаматқа айналады.
Дереккөздер[өңдеу]
↑ История зарубежной литературы ХУІІ-ХУІІІ в.в. С.Д.Артамонов, З.Т.Гражданская, Р.М.Самарин. Москва, Просвещение, 1973
↑ А.А.Тахо- Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, Годи. Москва, Просвещение, 1975
↑ История зарубежной литературы ХУІІІ века. Под ред. В.П.Неустроева, Р.М.Самарина. Издательство Московского университета, 1974
Достарыңызбен бөлісу: |