Дара тұлға ізімен «Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады»



Дата09.12.2023
өлшемі19,33 Kb.
#195990
Байланысты:
Дара тұлға ізімен эссе (копия)


Дара тұлға ізімен...
«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына,
не сорына туады» деген ескі мақал бар.
Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына
туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық.
І.Есенберлин 
Ежелден ұлы даланы мекен етіп, ғасырлар бойы ұлан ғайыр атырапқа арқасын төсеген қазақ елінің ішінде қай уақытта да, қандай бір мезгілде де ұлттың басын біріктіріп, тұтас бір егеменді ел болуын көксеген тарихи тұлғалар бар. Олар бар ғибратты ғұмырын, өнегелі өмірін ата жұртына қызмет етуге арнады. Осы даңғыл жолда өз мүддесінен ұлт мүддесін жоғары қойып, аянбай тер төкті. Әрине, осындай ғасырда біртуар азамат – Дінмұхаммед Ахметұлы.
«Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент –Дінмұхаммед Қонаев»,- деген Джавахарлал Нерудің сөзінен Димаш атамыздың ұлт перзенті ретінде ұлтына еткен ұлы істерін ізгілікпен ұғынарымыз анық. Расыменде, Димаш атамыз-қазақтың жарқын бейнесі.Ол кісіге қарап, қазақ халқының шын мәнінде қандай болатынын сеніммен айтуға болады. Өзінің мәнді де,сәнді ғұмырын туған елінің бағына арнаған адам – біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық.Әсіресе,қауіп-қатер бар жерде өз басын тіккен жан – біздер үшін ұмытылмас тұлға.
Қонаев атамыздың өмірі – әсем бір ертегідей, ол кісінің өз жарымен қарым-қатынасы – ел сүйсіндірер және қазіргі жігіттерге үлгі. Тіптен ол кісіге жетердей жігіт әлі туылмағандай.Әрине ол кісі өз заманында халық адамы болған соң,өмірінде қиындықтары баршылық, бірақ барлық адамның өмірі қиындықтар мен қатар қызықтарға толы. Қонаев атамыздың да өмірінің қызықтары шексіз және ол кісінің өміріндегі біз таңғаларлық қызықты ақпараттарда жетерлік.
Соның бірі - кезінде Леонид Брежнев Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады. Осы жердегі түйін, ол кісі қанша жерден атақты, халықтың көзайымы, ел басқарып отырған тұлға болса да өте қарапайым болған. Өзін ешқашан жоғары дәрежедемін деп санамаған. Қарапайым қара халықтай өмір сүрген. Мүмкін осы бір қарапайымдылығы арқасында халыққа жақын.
Қазақ әдебиетінің басты кейіпкерлері – Абай, Мағжан, Мұқағали болса, Қазақ тарихының басты кейіпкері – Дінмұхамед Ахметұлы. Димаш атаны білу – еліңді білу. Димаш атаның әрбір игі істері мен жетістіктері – тарихтың бір бөлшегі. Қонаевты толық білу арқылы тарихымыздың жарты бөлігін тани аламыз.
Көрнекті қайраткер ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Бұдан байқайтынымыз, дара тұлға арқылы еліміздің сол заманда қарқынды даму үстінде болғанын көреміз,ол әрине біздер үшін үлкен мадақ.
Данышпандар айтқан сөздерінің өзіндік қағидасы бар.Тілді білмейтін адамның жаны солған гүлдей,ал мен үшін Қонаевты білмеген адамның өзі де,жанының да мүгедек екені рас.Егер ол өз елі туралы ештеңе біле алмаса,әр ұлттың өз алтын діңгегі бар екенін қайдан түсінсін?Білімі бекем адам ғана өз елі арқылы,өзге елдің тынысын сезінеді.Өз еліміздің алтын діңгегі-Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев екенін ұмытпайық,және солай мәңгі болып қалады. Дара тұлға ізімен ілессек көш басына қосыларымыз хақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет