Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны - — Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау.
- — Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.
- — Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.
- — Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.
- — Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.
- - Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек? - Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.
- Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.
- Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)
- Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.
- Берілген тапсырманы бірлесе талдау.
- Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.
Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:
қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;
оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;
дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.
қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;
Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктеріне қарай үшке бөлуге болады:
-Шығармашылық дарындылық;
Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
Лидерлік дарындылық.
1.есте сақтауы және білімі: -олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; -олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
3.ойлау қабілетінің жылдамдығы: -олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
4.мәселені шешуі: -олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
5.икемділігі: -басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
2.өз білімін жетілдіруі: -олар оқыту жүйесінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
6.күрделілікке деген сүйіспеншілігі: - қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
7.шоғырлануы: -ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;
8.ерте символдық белсенділігі: -олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды
Достарыңызбен бөлісу: |