Дастарқан басында өзін-өзі ұстау мəдениеті
Дастарқан басында өзін-өзі ұстай білу мəдениеті деп əдеп сақтау (этикет) ережелерін айтады. Этикет – өзін-өзі ұстаудың қалыптасқан тəртібі.
Дастарқан басында дұрыс отыруды ұмытпаған жөн. Орындыққа шалқаймай, бойды түзу ұстап отыру керек. Орындықты үстелге өте жақын қоймаған жөн. Үстелге шынтақпен таянуға болмайды.
Жеке пайдалануға арналған сулықты тізенің үстіне жайып қояды. Ол киімге тамақты абайсызда тамызып алудан сақтайды.
Дастарқан басында ерінді мата сулықпен сүртуге болмайды, тек сусынды ішпей жатып жəне ішіп болған соң сәл ғана ерінге тигізуге болады. Алайда бұл мақсатта қағаз сулықты пайдаланған жөн.
Тамақтану кезінде дауыстап сөйлеу əдепсіздікке жатады. Тамақ пен сусынды дыбыс шығармай ішіп, ауызды жауып шайнаған жөн. Дұрыс əрі ұқыпты тамақтануды үйреніңдер. Шанышқымен желінетін тамақты қасықпен жемеген жөн. Қасықпен желінетін тамақты киімге шашыратып алмау үшін өзінен кері бағытта алады. Барлық құралдарды қолға дұрыс ұстаған жөн: шанышқыны – сол, пышақ пен қасықты – оң қолға. Пышақты ауызға тигізуге болмайды.
Егер тамақ ішу кезінде үзіліс жасалса, асхана құралдарын тəрелкенің жиегіне (сабын үстелге сүйеп) қою керек.
Тамақ ішіп болған соң, тəрелкеге айқастырып немесе бір-біріне қатар қойы-лады. Шанышқының ұшын жоғары қаратып қояды. Пайдаланылған құралдарды дастарқанға қоюға болмайды.
Дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережесін қонақта, қоғамдық орындарда ғана емес, сонымен қатар отбасылық дастарқан басында да сақтау керек екені естеріңде болсын.
«Келешек-2030» баспа үйі
Достарыңызбен бөлісу: |