Data Mining технологияларына жалпы сипаттама Data Mining негізгі түсініктері



бет8/16
Дата13.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#67919
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Негізгі бөлім

2.2 Маркетинг


Банк саласындағы Data Mining технологиялары коммерцияда және тауарды тұтыну маркетингінде кеңінен қолданылады. Қаржы ұйымдары өздерінің клиенттерін және оларды қызықтыратын басқа да тауарды іздеу мақсатында, және де осыған ұқсас тағы да басқа тауарларды қалай сата алатыны туралы сұрақтар туындағанда деректерді интеллектуалды талдау алгоритмін қолдана алады. Олар өткен үрдістерді талдау, ағымдағы қажеттіліктерді іздеу және әр түрлі өнімдер мен қызметтердің клиент үшін қалай пайдаға асатынын талдау мақсатында Data Mining әдістерін қолдана алады.

Бәсекелестік нарықтағы ең жоғары шыңын ұстап отыру мақсатында қаржы мекемелері жоғары сапалы қызмет көрсететін бірегей өнімдерді дамытуға бағытталуда.Және де оған деректерді интеллектуалды талдау көмек көрсете алады.

Data Mining әдістері стратегиялық жоспарлау бөліміне өз клиенттерін жоғары әлеуетті, жақсы, төмен және мерзімдік бағалау тәрізді әртүрлі топтарға және тиісті кластерлерге топтастыруға қолданылуы мүмкін.

Data Mining әдістері клиенттің депозиттік және қарыз өнімдері және олардың бөліп төлеудің пайыздық мөлшерін өзгерту сәтіндегі клиент реакциясын анықтау үшін қолданылуы мүмкін.

Data Mining телемаркетинг пен электрондық маркетингті интернет, смартфон секілді заманауи технологияларды ұстанатын әлеуетті клиенттерді анықтау арқылы жақсарта алады. Интернет-банкинг және банктік қызмет көрсету мақсатында пайдаланылатын басқа да веб-сервистер sequence pattern-mining деп аталатын алгоритмді тиімді пайдалана алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет