Ддо-101с тобы Семей,2022ж Шағын ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі


Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар



бет2/2
Дата31.05.2022
өлшемі17,35 Kb.
#145608
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
ФИЗРА 14НЕД

Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар. Бір не өзге әдісті қолдану қажеттілігі әрбір нақты жағдайда кейбір талаптарды сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Дене жаттығуларымен айналысқанда сауықтыру, білімділік және тәрбиелік әсерді қамтамасыз ететін әдістің ғылыми негізділігі сақталуы қажет.
Сабақтың нақты міндеттерінің болмауы оқыту әдісін дұрыс іріктеп алуда қиындық келтіреді. Егер, жүгіріп келіп, аяқты бүгіп келіп ұзындыққа қарғу міндеті қойылса, онда әдісті аңықтау мүмкіндік болмайды. Себебі мұндай жалпылама тұжырым бойынша тұтастай үйрету әдісін де, бөліп үйрету әдісін де тең жағдайда қолдануға болады. Өте нақты міндет жағдайында, мысалы, ұзындыққа қарғу үшін алдымен жүгіруге үйретеді.
Әрбір таңдап алынған әдіс оқытудың тиімділігін қамтып қана қоймай, оқушының танымдық белсенділігін де тәрбиелеу тиіс. Сондықтан да қозғалысты механикалық түрде қайталауды талап ететін, баланың ұмтылысын тежейтін әдістер қажет емес.
Оқыту әдісі қағидалардың барлық жүйесін іске асыруы керек. Жеке алынған қағида мен әдістің байланысы бір жақты қолдану қажетсіз. Мысалы, егер мұғалім көрсету әдісін қолданса , онда ол көрнекілік қағидасын толық жүзеге асырды деу қатерлік. Бұл қағида әдістер жүйесі арқылы жүзеге асатындығы белгілі.
Үйрету әдістері дене жаттығуларының барлық түрлері үшін бірдей. Сонымен бірге олардың әрқайсысы өзінің сипаты мен күрделілігіне қарай үйретудің ерекше тәсілдерін талап етеді. Мысалы, денені жалпы дамытатын жаттығуларды үйреткенде сөз әдістерімен шектеледі, жеңіл атлетикалық жаттығуларды үйреткенде көрсету әдісі де қолданылады, қарапайым жаттығуларды игеруде тұтас үйрету әдісі пайдаланылады, ал күрделілерді игергенде жетекші жаттығуларсыз ештеңе істей алмаймыз.
Әрбір педагог толық көлемде оқытудың барлық әдістерін меңгеруі қажет. Дегенмен кейбір себептерге байланысты бір мұғалімдер белгілі бір әдістерді, екіншісі- басқа әдістерді жақсы меңгереді. Осы ерекшеліктерді ескермеуге болмайды. Егер, нақты жағдайда екі әдістен де шамамен бірдей нәтиже күтілетін болса, онда мұғалімнің жақсы меңгерген әдісін қолдануы тиімдірек. Кей жағдайда мұғалімнің көрсету мүмкіншілігі төмендесе, оқыту сапасын сақтауға мүмкіндік беретіндей өзге педагогикалық әдістерді пайдалануына тура келеді.
Тұтастай үйрету жағдайында да қарапайым жабдықтарды пайдалана отырып, сабақтың үйлесімді жүйелілігіне жетуге болады.
Әдістердің ешқайсысы да жеке дара және негізгі деп танылуы мүмкін емес. Кез келген әдісті үнемі қолдану оған сенімсіздік туғызады. Сондықтан да «ауырлық орталығы» жекелеген әдістерден олардың жүйесіне ауысуы керек. Үйрету ісінде әртүрлі әдістер арқылы үлкен табысқа қол жеткізіледі. Жаман әдістің жоқ екендігін есте ұстау керек. Әрбір әдіс өзінше жақсы. Әдістерді нашар қолданатын нашар мұғалім. Бір педагогикалық жағдайда тиімді болған әдіс, басқа жағдайда өте пайдасыз, тіпті зиянды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да педагогикалық істе оқыту әдістерінің тиімді жүйесін қолдану қажет. Бұл жүйелерде әдістердің күшті жақтары пайдаланылып, әлсіздердің қатынаспауы керек. Мұғалім қызметінде бұл ереже көрсету, түсіндіруімен байланыстырылғанда ғана жақсы нәтиже береді. Барлық оқушылар үшін бірегей және жұмыстың барлық жағдайы үшін қажет болатындай әдістер жоқ. Қайсыбір әдістерді жаппай қолдану мұғалім ізденісін, ұмтылысын шектейді, балалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға кедергі келтіреді.
Әдістің нәтижелілігі – оқушыларды тәрбиелеу мен сауықтыруға бірдей әсер етуінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет