«Дебат » курсының бағдарламасы.
Түсініктеме.
Бағдарлама 34 оқу сағатына есептелген 12 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы Пікірталас бағдарламасының маңызды тұстарына, ұғымдары мен ережелеріне түсініктеме беретін теориялық және алынған мағлұматтарды бекітуге арналған практикалық бөлімдерден тұрады. Практикалық сабақтар үстінде бағдарламаның әрбір жеке элементі бойынша жұмыс істеледі, оқушылар ойын үстінде пікір сайыстыру және өз идеяларын топ болып қорғау негіздерін игереді. Ақыр аяғында оқушылар пікір –сайыс бәсекелерін өткізудің ережелерімен таныс болады. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым – қатынас. Мұғалім бұл жерде оқушылардың өз бетімен оқып – үйренуіне жағдай туғызатын, оқу үрдісін ұйымдастырушы және үйлестіруші ролінде болмақ. Оқыту кіші топтар және олардың өзара әсерлесу принципіне негізделеді. Сабақтарда ойлау және сөйлеу жүйелерін белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейтін интерактивті оқу әдістері қолданылады. Сонымен қатар, пікірталас ұйымдастыруға арнайы дайындалған кеңестер де бар. (қосымша қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |